Елімізде жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылады

30.06.2024, 20:35
870
Елімізде жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылады gansystems.com

IT шешімдерінің экспортын қолдау саласындағы бірқатар негізгі бастамасын қамтиды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі Қуанышбек Есекеев мәлімдеді.  

«Жақында біз Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі және Astana Hub әріптестерімен бірге Қазақстан Республикасында жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасы шеңберінде деректерді өңдеу орталығы мен суперкомпьютер салу жобасы бойынша жұмыс тобының отырысын өткіздік. Бұл платформаның мақсаты — Қазақстан экономикасын дамыту үшін технологияларды тиімді енгізу және AI әлеуетін барынша толық пайдалану. Осы тұжырымдаманың аясында AI ұлттық орталығын ашу жоспарлануда. Жобаның миссиясы — алдағы жылдарда Қазақстанның AI трансформациясын жүзеге асыру», — деп жазды әлеуметтік желіде Есекеев.

Оның айтуынша, AI-дің ұлттық экономика мен қоғамға интеграциясы — тұрақты дамуды сақтаудың және болашақтың сын-қатерлеріне дайындалудың қажетті шарты болып саналады. Мемлекеттің AI ұлттық орталығын ашу жөніндегі жоспарлары — білім беру, инфрақұрылымды дамыту, венчурлық инвестициялар, сондай-ақ IT шешімдерінің экспортын қолдау саласындағы бірқатар негізгі бастамасын қамтиды. Осы жоба аясында келесі бастамаларды қамтитын жол картасы әзірленді:

  • AI саласындағы негізгі жобалар мен зерттеулерде ынтымақтасу үшін білім беру мекемелерін, зерттеу зертханаларын, стартаптар мен технологиялық мекемелерді біріктіретін AI кампусы;
  • YNOV, 01EduSystem және Tumo мектептерінің озық тәжірибесін ескере отырып әзірленетін оқу бағдарламаларын қолданып, оқушылар мен студенттер арасында AI мамандарын даярлау;
  • Оқу курстары, шеберлік сабақтары және желілік іс-шаралар арқылы AI қауымдастығын дамытуға үлес қосатын P2P академиясын ашу.

Бұл бастамалар елімізде инновациялық дамуға, білім мен оқыту деңгейін арттыруға, сондай-ақ жаһандық AI индустриясындағы еліміздің позициясын нығайтуға ықпал ететін тұрақты AI экожүйесін құруға бағытталған.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді