Ыстанбұлдағы қазақ диаспорасымен ынтымақтастық нығаюда

01.07.2024, 09:51
216
Ыстанбұлдағы қазақ диаспорасымен ынтымақтастық нығаюда

2024 жылғы 27 маусымда Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы мен «Отандастар қоры» КеАҚ ұйымдастыруымен Түркия Республикасының Ыстанбұл қаласындағы қазақ диаспора өкілдерімен келелі кездесу өтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, кездесуге Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл, «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Данияр Қадыров, Түркия Әділет және даму партиясы Орталық шешімдер және басқармасының мүшесі Решиде Юксел, «Қазақкент Алтай» қоғамының басқарушы мүшесі Жанымхан Жаңалтай, Қожа Ахмет Яссауи қорының мүшесі Рамазан Авджы, «Қазақстан мәдениет және сауда орталығы» басшысының орынбасары Ержан Уайыс, «Қазақ-түрік білім және зерттеу» қоғамы (KATEAD) басшысы Сүлейман Өзпарк,  Түркияда басылатын «Қазақ елі» журналының бас редакторы Ертолқын Гайретуллах және т.б. ұйым басшылары мен белсенділер қатысты.

Кездесу барысында Түркиядағы қазақ диаспорасының екі ел арасындағы экономикалық, адами, әлеуметтік және мәдени капиталды дамытуға қосқан үлесі мен рөлі туралы талқыланды.

«Отандастар қоры» КеАҚ президенті Д.Қадыров Түркиядағы қазақ диаспорасына барынша қолдау көрсетуге мүдделі екендігін, шетелдегі әр қазақ диаспорасының еліміз үшін орны ерекше екендігін атап өтті. Жиында Түркиядағы этникалық қазақ жастарының бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, ана тілін сақтап қалу барысы сөз болды.

Өз кезегінде, диаспора өкілдері Түркиядағы қазақ диаспорасының қазіргі жағдайы, жетістіктері, проблемалары мен оларды шешу жолдарына қатысты ұсыныстарын тілге тиек етті.

Сонымен қатар, кездесуде диаспора өкілдері үшін Қазақстанға танымдық сапарлар ұйымдастыру, ортақ қоғамдық, мәдени-гуманитарлық іс-шаралар өткізу мүмкіндігі талқыланды.

Бас консул Н.Аманқұл диаспораның екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтағы ролі және т.б. мәселелерін баяндады.

Кездесуден кейін, Бас консулдықтың ұсынысымен Қоғам президенті Д.Қадыров Ыстанбұл қаласындағы қазақ мәдени ұйымдарының офистерімен танысты. 

Сонымен қатар, Зейтүнбурну ауданындағы Абай атындағы мектептің қабырғасында Қазақстан Бас консулдығының бастамасымен ашылған домбыра курсымен танысты.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Отандастар қоры» КеАҚ қодауымен өтіп жатқан Ыстанбұлдың Бағджылар ауданында орналасқан «Қазақкент Алтай» қоғамының домбыра курстарына барып, үйірме қатысушыларының өнерін тамашалады. 

Шығармашылық ұжым Атажұртқа деген ыстық ықыластары мен алғыстарын жеткізді.

Атап айту керек, Ыстанбұлдағы Бас консулдығымыз 2023 жылы Қазақстан Республикасының Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе жоғарыда аталған ұжымдарға ұлттық аспабымыз домбыраны сыйға тартқан болатын.

Сондай-ақ, Түркияның Конья қаласында қазақ мәдени орталығының жаңа ғимараты мен "Абай үйі" ашылған болатын. 

Бүгінде Түркиядағы қазақ диаспорасы өкілдерінің күшімен құрылған Ыстамбұлдағы Қазақ түріктері қоры, Хожа Ахмет Яссауи қоры, «Қазақкент Алтай» ұйымы, Маниса қаласындағы Салихли қазақ түріктерінің әлеуметтік ынтымақтастығы мен мәдениеті бірлестігі, Гүнешли қазақтары қауымдастығы, Нигдедегі Алтай ауылы қазақтары қауымдастығы, Кониядағы Исмил ауылындағы қазақ түріктері мәдени және әлеуметтік көмек көрсету бірлестіктері өз қызметін мазмұнды жүзеге асырып келеді. 

Мәдени-гуманитарлық байланыстар аясында Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшлігінің бастамасымен  Түрік елінде ұлы Абай, Жамбыл Жабаев, Сүйінбай Аронұлыныңескерткіштері ашылып, көшелерге, саябақтарға және мектептерге қазақ ғұламаларының есімдері берілді.

«Отандастар қоры» КеАҚ құрылғалы бері алыстағы ағайындар ​​арасында кең ауқымды һәм көп қырлы байланыс жүргізіп келеді. Этникалық қазақтар мен отандастар  тұратын елдердің ұлттық, мәдени және әлеуметтік-экономикалық жағдайларын ескере отырып, ауқымды іс-шаралар өткізіп келеді.

Маусым айының 29 жұлдызында Исмиль қазақ түріктері және әлеуметтік көмек қоғамының бастамасымен, Конья қаласы мен Исмиль ауданы мэриясының қолдауымен «Исмил қазақтарының мәдени үйінің» ресми ашылу салтанаты өтті.

Қазақ мәдени орталығының ғимаратының және оның ішінде «Абай үйінің» ашылуы Қазақстан-Түркия қарым-қатынасының дамуына үлкен үлес қосатыны сөзсіз.

Аталған мазмұнды шарада Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сапиев, «Отандастар Қоры» КеАҚ президенті Данияр Қадыров, Конья муниципалитеті мэрі Бейін Хитами, Конья қаласы мэрі Угур Ибрахим Алтай, Қаратай ауданы мэрі Хасан Кылыджа, Исмиль қазақ түріктері және әлеуметтік көмек қоғамы басшысы Мухаммет Алим және Түркиядағы қазақ диаспора өкілдері қатысты. Ашылу салтанатына 300-ден астам этникалық қазақтар мен отандастарымыз қатысты. Анкара, Ыстанбұл сынды ірі шаһарлардан арнайы қонақтар келді.

Сонымен қатар, Қазақстаннан келіп қатысқан өнер майталмандары шараның көркін аша түсті. Атап айтсақ, Қарағанды филармония әншісі Меруеш Башай «Көк тудың желбірегені», әртіс Дастан Кабилов «Молдабайдың әні», күйші Нұрдәулет Шілдебаев «Аққу» күйін, ҚР еңбек сіңірген әртісі, танымал қобызшы Ғайни Болтаева «Отан Ана» шығармаларын орындап, қалың көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.Қазақ тілінде шырқалған әсем ән мен күмбірлеген күй – алыстағы ағайынның рухын көтеріп, Атажұртқа деген сағыныш мауқын басқандай болды.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Отандастар Қоры» президенті Данияр Қадыров: «Қазақ мәдениетін сақтап келе жатқан Исмиль ауданы бүгін экономикалық жағынан да, әлеуметтік-мәдени жағынан да үлкен жетістіктерге жеткені анық. Бүгінгі қазақ мәдени орталығының ғимаратының және оның ішінде «Абай үйінің» ашылуы Қазақстан-Түркия қарым-қатынасының дамуына үлкен үлес қосатынына сенімдімін»,-деп шараның өтуіне ұйытқы болып отырған азаматтарға алғысын білдіріп, қазақтың мәдениеті мен дәстүрінің сақталуына үлес қосып жүрген  Исмиль қазақ түріктері және әлеуметтік көмек қоғамынына Қоғамның  «Дәстүрлі Қоржын» жобасы аясында кәдесыйлар табыстады.

Сонымен қатар, «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»,-Абай һәкім айтпақшы, тарыдай шашылған қазақтардың басын қосатын айтулы шаралардың тарихи тамыры терең. «Абай барда қазақ бар. Қазақ барда Абай бар» демекші, ҚР Түркиядағы Елшілігі, «Тюрксой» ұйымының қолдауымен «Отандастар қоры» КеАҚ жаңа ғимарат ішінен «Abai Uyi» мәдени- іскерлік үйін тап осы жерден ашуды жөн көрді. Ондағы мақсат Ұлттық мұраны көпшілікке дәріптеу, шетелдегі қазақтар арасында мәдени-гуманитарлық және іскерлік байланыстарды нығайту. Қазақтың тілін, діні мен салт-дәстүрін дәріптейтін «Abai Uyi» мәдени-іскерлік орталығы болашақта ұлтымыздың рухани ордасына айналатыны сөзсіз.

Айта кетейік, Коньяның Исмиль ауданындағы «Abai Uyi» мәдени- іскерлік үйі «Отандастар қоры» тарапынан ашылған тоғызыншы орталық болып саналады. 2019-2023 жылдары Омбы,Ташкент, Бішкек, Киев, Берлин, Ыстанбұл, Аланья және Залах қалаларында ашылған болатын.

«Әпкелік кеңесім»: тележүргізуші Айгүл Мүкей қыздарға арнап жазба жариялады Биыл бөлінген білім гранттарының 4 пайызы қандастарға беріледі Арбатта ән айтқан Төреғали Төреәліні жұрт танымай қалды Кеңесші болып тағайындалған Нұрлан Қоянбаев қанша жалақы алады? Облыс әкімі жауап берді «Қызын лақтыра салды ма?»: заңгер Абай Бегейдің қызының ісі сотқа кеткенін мәлімдеді «Стилист 20 мың сұрап жатыр»: Нұрболат Абдуллинмен әзілдескен Әбдіжаппар Әлқожа сынға қалды Болат Назарбаевтың 15 баласы мұраға таласып жатыр Қазақстандықтар еңбек шартына смартфоннан қол қоя алады «Еріндері кеседен басқа жерге тимеген»: өзінен 5 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан қыз желіні шулатты (ВИДЕО) «Қас дұшпан қолға түскендей шулады»: Елена Әбдіхалықова бес тәулікке қамалған Тұрсынбек Қабатовқа қолдау білдірді «Райм үйретті, менің еш кінәм жоқ»: Ерке Есмахан жан сырын ақтарды Астанадағы 78 құрылысты рейдерлік жолмен басып алған: Мердігерлер сотқа шағымданды Қорғаныс министрлігінің әскери институты қос дипломды төрт жылдық білім беруді енгізді «Д***б, жоқ қылып жіберемін»: Қайрат Нұртастың көшеде шу шығарған видеосы тарады (видео) Алматы тұрғыны автобус орындықтарына ине қойып кететіндер туралы ескертті «Өзінің дәретін ішкізді»: Асыранды балаларын азаптаған шымкенттік емшінің тұңғышы шындықты жайып салды «Тойынғандар»: Көлігін бассейнге айналдырған блогерлер жазаланбақ «Облыс әкімінің кеңесшісі»: Нұрлан Қоянбаев жаңа қызметке тағайындалды Қазақстанды Ресейге қосу туралы пікір айтқан ер адам жазадан құтылып кетті Найзағай, бұршақ, жаңбыр: 2 шілдеде ауа райы қандай болады?