Ұлытау облысында «Көкмайса-2024» этно-фестивалі өтті

01.07.2024, 13:14
886
Ұлытау облысында «Көкмайса-2024» этно-фестивалі өтті Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Ұлы даланың дүбіріне айналған дәстүрлі іс-шара биыл өңірде тоғызыншы рет ұйымдастырылып отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіретін облыстық фестиваль барысында қымызмұрындық рәсімі, киіз басу, ши тоқу, ұсталық өнер, арқан есу, қамшы өру сынды бұл күндері ұмытыла бастаған зергерлік өнер, домбыра жасау ұлттық қолөнер түрлерінен және қымыз ашытудан шеберлік сағаты өтті. 

«Жыл сайынғы дәстүрге айналып келе жатқан «Көкмайса» этно фестивалі карантин уақытында үзіліп қалып еді, биыл қайта жаңғырып қуанышымызды еселеп жатыр. Осы жылы жүлде қоры 4 000 000 теңгені құрайды. Соның аясында 11 спорт түрінен жарыс ұйымдастырылды. Қатысушыларға сәттілік тілеймін»,-деді өз сөзінде Ұлытау облысы әкімінің міндетін атқарушы Алмаз Ыдырысов. 

Этно-фестиваль идеясының авторы, өлкетанушы Бақтияр Қожахметовтің айтуынша «Көкмайсаның» қазір ауқымы кеңею үстінде. Ұлттық сусынымыз - қымыздың қасиетін дәріптейтін дәл осындай іс-шараны ұйымдастыруда соңғы үш жылда Ақмола облысының Атбасар, Степногорск, Қорғалжың, Ерейментау және Павлодар облысының Шарбақты аудандары белсенділік танытып келе жатыр. 

Айта кетейік салт-дәстүрімізді насихаттайтын фестиваль бұл жолы Ұлытау ауданының «Шыңғыс алаңында» өтті. Оған Түркістан облысынан, Қаражал қаласы, Жаңаарқа ауданынан қонақтар келді.

«Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты