«Ата-ана баласының телефоннан не көретінін білмейді»: Дана Нұржігіт алаяқтардан сақ болуға шақырды

Аиса Махамбет Редактор
01.07.2024, 16:42
1255
«Ата-ана баласының телефоннан не көретінін білмейді»: Дана Нұржігіт алаяқтардан сақ болуға шақырды жеке парақшасынан

Белгілі журналист, экс-сенатор Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі алаяқтарға қатысты ойын бөлісті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, журналист кибер қауіпсіздік туралы да сөз қозғап, ел біле бермейтін түрлі терминдерге қатысты ақпаратты бөлісті. 

Дроппер деген кім екенін білесіз бе? Кибер-қылмыстық схемаға, топқа кіретін адам. Шет елде отырып, телефон арқылы алаяқтық жасайтындарға біздің елдің банк карталарына ақша түсіріп беретін адам керек. Олар үлкен сомаларды осы дропперлерге аудартып, дроппер өзінің 10-15 мыңын алып отырады да, үстіндегі ақшаны шет ел асырып жібереді. 1 млн теңгенің 10 мыңы дропперге, 990 мың шет елде отырған бенифициарға. Әрі қарай ол ақша криптаға ауыстырылып, біздің елде алданған адамға қайтару мүмкін емес болып шығады.Дропперлердің көбісі жасөспірім балалар. 16-18 жас. Олардың қылмысы азаматтық сотта қаралады”, – деді экс-сенатор. 

Сондай-ақ желідегі алаяқтықтың дені телефонға көп үңілетін жасөспірімдердің арасында болатынын айтты. 

“Балаларымыз телефрнға үңіліп отырғанда, олардың не істеп отырғанын ата-ана-біз білмейміз де. Ал, қылмыстың бәрі қазір кибер-кеңістікте жасалады. Есірткі тасушы – закладчик, ақша аударушы – дроппер, менің түсінгенімше, полиция учаскелеріне түсетін күдіктілердің басым көпшілігі – осылар.
Ал, заңда дроппер деген термин де жоқ-ау… “Бүйту керек ед, сөйту керек ед” деп жүргенде алданғандардың млрд ақшасы оп-оңай шет ел асып жатыр”, – деп алаңдаушылық білдірді журналист. 

 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды