«Бұғаттап тастадым»: Абай Бегей қызын «алаяқ» деп айыптаған заңгерге жауап берді

Аиса Махамбет Редактор
01.07.2024, 19:18
1687
«Бұғаттап тастадым»: Абай Бегей қызын «алаяқ» деп айыптаған заңгерге жауап берді жеке парақшасынан

Танымал әнші Абай Бегей блогер қызы Гүлеркем Ниязқұловаға қатысты Stan.kz ақпарат агенттігі тілшісінің сұрағына жауап берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, “Алаяқ.нет” жобасының жетекшісі, заңгер Нұрсұлтан Орынбеков әнші Абай Бегейдің қыздары ұйымдастырып жүрген лотереяға қарсы шыққан еді. 

“Ерке әуелден блогерлікпен айналысады. Мен оның сферасын білмейтін болғасын, онша хабарым жоқ. Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салығын төлеп жатыр. Бәрі заң жүзінде жүзеге асып жатқан шаруалары. Бірақ жарнама жасап, телефон сатқанын білемін. Оны менің қызымнан басқа да көп блогер жарнамалады. Айнұр Асқарқызы да жеке парақшасына салды. Одан кейін ол кісі алаяқ болып шықты. Оны блогерлер де білмей қалды. Сол кезде қызыма да қара күйе жағылып кетті. 

Кешеден бері маған бірнеше адам жіберіп жатыр. Мені ол кісіні бұғаттап тастадым. Өйткені ол менің рұқсатымсыз фотом мен суретімді жариялапты. Ол менің қызым болғанымен, мен оның тірліктеріне араласпаймын. Тікелей қызыммен байланысса болар еді. Тұрмыс құрған, күйеуі мен бала-шағасы бар. Басқа қыздарыма қатысты мәселе болғанда араласушы едім. Өйткені олармен бірге тұрамыз, бой жетіп, тұрмыс құрғанша менің жауапкершілігімде болады. Әкесі танымал адам деп, оңды-солды кез келген жерге мені белгілей берген. Заң білмейтін заңгер ме?! Мен ол жігітті танымайды екенмін, бірақ адамдардан сұрастырып жатырмын. Заңгерліктен гөрі, блогерлікке жақын жігіт екен. Мақсаты – блогер мен әншілерді аяқтан шалу. Солардың тірліктерін әшкерелеп, өзіне оқырман жинау. Жазғандарынан-ақ мақсаты белгілі болды. Қазір гастролдік сапармен Ақтау қаласында жүрмін. Алматыға жеткесін заңгер мен құқық қорғаушылармен жүздесіп, мәселені қолға аламын”, – деп жауап берді әнші. 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады