Отандық анимацияны қолдауға биыл бюджеттен 500 млн теңге бөлінеді

01.07.2024, 20:30
928
Отандық анимацияны қолдауға биыл бюджеттен 500 млн теңге бөлінеді egemen.kz

Қазір 37 анимациялық фильм сценарийі қаралып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Үкімет басшысы Олжас Бектенов республикалық және жергілікті бюджетте анимациялық фильмдерді шығаруға жыл сайын қаражат қарастырылып келетінін айтты. 

Мәселен, 2024 жылы анимациялық жобаларды өндіруге республикалық бюджетте 500 млн теңге қарастырылған. Анимациялық фильмдердің барлығы қазақ тілінде жарыққа шығады. 2019-2022 жылдар аралығында мемлекеттік қаржылық қолдау бойынша 8 анимациялық фильм өндірілген. 2024 жылы 37 анимациялық фильм сценарийі талданып жатыр.

 

Сондай-ақ биылдан бастап ұлттық деп аталуға үміткер киножобаларды іріктеу қағидаларына түбегейлі өзгеріс енгізіліп, ұлттық фильмдерді іріктейтін Сараптама кеңесінде анимациялық киножобаларды қарастыратын секция құрылған. Бұл секцияның мүшелігіне анимация саласының білікті мамандары енген.

Қазақстанның мемлекеттік идеялогиялық саясатының іске асырылуына ықпал ету, бала тәрбиесін, тіл мәселесінің оң шешілуін қамтамасыз ету мақсатында «Қазақфильм» киностудиясының жанында «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі құрылған. Оның мақсат – отандық анимациялық саланы жаңғырту және анимациялық фильмдердің сапасы мен ұлттық нақыштағы мазмұны бойынша халықаралық деңгейге шығу жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ қысқа метражды және толық метражды анимациялық фильмдер шығаруды ұлғайту болып отыр.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді