Украинада қастандық жасалған "Бәсе" YouTube арнасының авторы Айдос Садық көз жұмды
Қазақстандық оппозиционер, “Бәсе” арнасының негізін салушы Айдос Садық көз жұмды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, оған 18 маусымда Киевте оқ атып, қастандық жасаған еді.
Содан бері ол ауруханада жатты. Әйелінің айтуынша, Киев уақыты бойынша 2 маусым сағат 3-те ол жан тапсырды.
“Менің сүйікті жарым, үш баламыздың әкесі, қазақтың біртуар перзенті. Айдос Қазақстан үшін жанын беріп, қанішерлердің қолынан шейіт болды. Айдос он үш күн бойы жансақтау бөлімінде өмір үшін күресті, бірақ ғажайып болмады. Оның өлімі Тоқаевтың ұятында”, – деді Айдос Садықтың әйелі Наталья Садық.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші