799

Қатар Әмірі ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді елордадағы әуежайда Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

Қатар Әмірі ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді
ҚР Үкіметі
 

Қатар мемлекеті ШЫҰ диалогы бойынша әріптес мәртебесіне ие.

Тиісті меморандумға 2022 жылы Ташкентте қол қойылды.

Былтыр Қазақстан мен Қатар дипломатиялық қатынастарының орнағанына 30 жыл толды.

Қатар — Қазақстанның Араб әлеміндегі маңызды саяси әрі экономикалық серіктесі.

2023 жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы шамамен 50%-ға өсті.