Қазақстан мен Қытай арасында ветеринариялық талаптар туралы хаттамаға қол қойылды

03.07.2024, 20:05
1668
Қазақстан мен Қытай арасында ветеринариялық талаптар туралы хаттамаға қол қойылды canva.com

Астанада Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында мемлекетаралық, ведомствоаралық және коммерциялық құжаттарға қол қойылды.

 

Бүгін қол қойылған маңызды құжаттардың қатарында қазақстандық фермерлер көп күткен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына союға экспортталатын тірі ірі қара малға қойылатын ветеринариялық талаптар мен жануарлардың денсаулығын қорғау туралы хаттаманы атап өтуге болады.

Бұл оқиға Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болып саналады және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, елдің экспорттық әлеуеті мен қазақстандық өнімнің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандық агробизнес үшін экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту бойынша белсенді жұмыс атқаруда. Қытайға экспортқа ерекше назар аударылады, оның тарапынан АӨК өнімдеріне жоғары сұраныс байқалады.

Атап айтқанда, 2024 жылдың ақпан айында ҚХР 2 жылдан астам уақытқа созылған аусыл мен құс тұмауына байланысты уақытша шектеулерді алып тастады. Маусым айында ҚХР-ға алғашқы 20 тонна сиыр етін «Meat Processing and Service» ЖШС экспорттады.

Қазақстаннан Қытайға союға экспортталатын тірі ІҚМ ветеринариялық талаптарын келісу бойынша жұмыс 2 жыл бойы жүргізілді. Нәтижесінде бүгін хаттамаға қол қойылды.

Сондай-ақ Қытайға құс өнімдері, ірі қара мал терісі мен ішкі өнімдер экспортын ашу жұмыстары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен ҚХР арасында тоңазытылған сиыр еті, тоңазытылған қой еті, тоңазытылған шошқа еті, бал, балық, сүт өнімдері, жүн шикізаты және т.б. ауыл шаруашылығы өнімдерінің 9 түрін экспорттауға Хаттамаларға қол қойылған болатын.

Айта кетейік, 2023 жылы жалпы тауар айналымы 1,7 есеге (1,3 млрд АҚШ долларына дейін) ұлғайған кезде қазақстандық АӨК өнімінің Қытайға экспорты 1,01 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көп (2022 ж. - 550 млн доллар). Ағымдағы жылдың 5 айында тауар айналымы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14% -ға артып, 540 млн АҚШ долларын құрады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды