«Адам өлмесе де сол баппен іс қозғаған»: 15 жылға қамалған ағалы-інілі ұлытаулықтар президентке үндеу жолдады (ВИДЕО)

05.07.2024, 09:51
876
«Адам өлмесе де сол баппен іс қозғаған»: 15 жылға қамалған ағалы-інілі ұлытаулықтар президентке үндеу жолдады (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Қамаудағы ағайындылар үндеуді желіге жүктеп үлгерген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, TikTok-та Бекболат және Шымболат Ыбырайлардың видеоүндеуі тарады. Ағалы-інілі азаматтар жазықсыз 15 жылға сотталдық дейді. Енді олар үндеу жолдап, мемлекет басшысынан, жоғары сот төрағасы мен прокурордан көмек сұрап отыр. Ал Stan.kz ақпарат агенттігі Ұлытау облысы ауданаралық сотынан істің мән-жайын білді.

Сот үкімімен ҚК-тің 56-бабының талаптарын ескере отырып, Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және оқталу), 99-бабы, 2-бөлігінің (Адам өлтіру: екі не одан көп адамды, басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен, бұзақылық ниетпен) 1,6,7,9- тармақтары санкциясында сотталушылардың әрқайсысына 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалған.

Алайда бұл үкімге ағайынды жігіт келіспейді. Қазір олар қамауда, дегенмен үндеуді желіге жүктеп үлгерген. Ағайындының айтуынша, оқиға Сәтбаев қаласы, “Ulytau mall” қонақүйінің алдында болған. Екеуі сол жердегі басқа адамдардың төбелесінен таяқ жеп, әзер құтылдық дейді.

"Құрметті президент мырза, жоғарғы сот төрағасы, бас прокурор, бүгін Ұлытау облысы ауданаралық сотында мен Ыбырай Шымболат Бақытжанұлы және менің ағам Ыбырай Бекболат Бақытжанұлын, яғни бізді 15 жылға дейін бас бостандығымыздан айырды. Сіздерден өтініп сұрайтынымыз, біз – қарапайым отбасының балаларымыз. Әкеміз жоқ, ал анамыз жалғыз, көпбалалы отбасымыз. Оқиға Сәтбаев қаласы, “Ulytau mall” қонақүйінің алдында болған. Екі топ арасында төбелес болып жатқанда өтіп бара жатып таяқ жеген едік. Таяқ жеген соң бізді төбелесті, кінәлі деп тапты. Дәлелдемелер мен фотоларды көрсеттік, сонда да бізді кінәлі деп санады. Видеоны көрсеңіздер, атқан адам бөлек, біз бөлек қашып бара жатырмыз. Біз таяқ жедік. Ағамның басын жарды, менің аяғымды сындырды. Сіздерден өтініп сұрарым, бізге қолдауларыңыз керек. Әділ шешім болған жоқ, әділ шешім болуын сұраймыз”, – деді олар.

Ағайындының үндеуін желіге жүктеген туысы қазір жігіттердің қамауда екенін және үкім аппеляцияға берілгенін айтты. Ал анасы төбелес болған жерде ешкім қайтыс болмаса да, адам өлтіру бабымен 5 бірдей жігіттің сотталып кеткенін айтып отыр. 

Stan.kz ақпарат агенттігі істің мән-жайын Ұлытау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан сұрады. Алайда сот Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігінің тармақтарына назар аударып отыр. Себебі алдын ала келісілген бұзақылық адамдарға қауіпті тәсілмен жасалған.

Ұлытау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, 2022 жылғы қазанда Сатпаев қаласындағы Ulytau Mall сауда үйінің алдында сотталушылар Ш.Ыбырай мен Б.Ыбырай ақылдасып, Б.Сағындықов жүргізген қара түсті Lexus RX300 көлігімен, сонымен қатар М.Жоламанов және А.Бейбіт соңғысы басқарған қара-көк түсті Mazda 323 көлігімен Ш.Ыбырай мен оның танысы А.Спатаевтың арасында бұрын болған жанжалды желеу етіп, топ болып бұзақылық ниетпен жәбірленушілерді құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратуға оқталған.

Төбелесте сотталушы Ш.Ыбырай пышақпен жәбірленуші А.Спатаевпен бірге болған Е.Абилкасовтың оң жақ артқы мойын және арқа тұсына екі рет соққы жасаған. Содан кейін А.Бейбіт, Б.Сағындықов және Б.Ыбырай оқ атуға ынғай жасап, Ш.Ыбырай. мен М.Жоламанов жәбірленуші А.Спатаевтың қасында болған жәбірленушілер Е.Абилкасов пен Ж.Серікбайға қарсы атыс қаруларынан оқ атып, қылмыстық ниетін ақырына дейін жеткізе алмай, автокөлікпен бой тасалаған. Жәбірленуші Е.Абилкасов оқ тиіп, ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға өз уақытында жеткен. Тағы бір жәбірленуші Ж.Серікбай атыс-қаруын қолданғанда еңкейіп автокөлігінде жасырынып қалуы салдарынан атылған оқ тимей аман қалған.

"11 маусымда Ұлытау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Ыбырай Шымболат Бақытжанұлы, Ыбырай Бекболат Бақытжанұлы және тағы басқаларға қатысты айыптау үкімі шығарылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 418-бабы 2-бөлігіне сай, сот актісіне шағым жасау үшiн белгiленген мерзiм iшiнде iсті бірінші сатыдағы соттан талап етiп алдыруға болмайды. Осыған орай, жоғарыда көрсетілген қылмыстық іс туралы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасынан ақпарат және пікір берілмейді, себебі қылмыстық іс апелляциялық алқада қаралмаған. Үкім заңды күшіне енген жоқ", – деп жауап берді Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.Шайкамалов.

Шымболат пен Бекболаттың туыстары аппеляция

«4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО)