«5 жылға сотталуы мүмкін»: Қайрат Нұртастың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Аиса Махамбет Редактор
05.07.2024, 11:05
1381
«5 жылға сотталуы мүмкін»: Қайрат Нұртастың үстінен қылмыстық іс қозғалды жеке парақшасынан

Қазір Қайрат Нұртас 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қайрат Нұртас (Айдарбеков) Алматыдан Астанаға ұшатын ұшақ бортында төбелес шығарған. Бұл туралы turkystan.kz жазды. 

Kozachkow телеграм-арнасының мәліметінше, төбелестің нәтижесінде басқа жолаушының денсаулығына жеңіл зиян келтірілген. Жәбірленушінің аты-жөні Асылбек Бекқайыров.

Әуе кемесінің командирі полицияның көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері екі адамды да бөлімшеге алып барды. Онда музыкантқа екі әкімшілік құқық бұзушылық рәсімделді: денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және қайта жасалған ұсақ бұзақылық туралы.

Асылбек Бекқайыровқа да хаттама жасалды. Екі құқық бұзушылық үшін әнші 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды.

Құқық қорғау органдары Қайрат Нұртасқа қатысты Қылмыстық кодекстің 293 - бабының 2-бөлігі – «әуе кемесінің бортында жасалған бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. 

Айта кету керек, баптың санкциясы айыппұл, қоғамдық жұмыстар, шектеулер және тіпті 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Еске салсақ, бұған дейін әншіге сахнада бейәдеп сөздер айтқаны үшін айыппұл салынған болатын.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды