12 млн теңге берген: Түркістанда мемлекеттен тегін грант алғысы келген әйел алаяққа алданып қалды
Түркістанда мемлекеттен грант алғысы келген әйел алаяққа алданып қалды. Бұл туралы Stan.kz жазды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жәбірленуші өзіне мемлекеттен тегін, қайтарымсыз грант алуға көмектесуге уәде берген жергілікті тұрғынға сеніп, 12 миллион теңге берген.
Ақшаны алған "көмекші" байланысқа шықпай қойған.
Алданып қалғанын түсінген әйел бірден полицияға хабарласқан. Күдікті ретінде бұрын сотталған Түркістан қаласының тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайлар анықталуда.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші