Қытай Қазақстаннан 20 мың тонна шошқа етін импорттауға ниетті

05.07.2024, 15:15
1688
Қытай Қазақстаннан 20 мың тонна шошқа етін импорттауға ниетті Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысы аясында Қытай ет қауымдастығының өкілдері Солтүстік Қазақстан облысындағы «EMC Agro» өнеркәсіп кешенінде болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қонақтарға мал союдан бастап одан әрі ішкі нарыққа шығару үшін өлшеп-орауға дейінгі барлық өңдеу циклі көрсетілді.

Бүкіл процесс автоматтандырылған және халықаралық санитарлық-эпидемиялық талаптарға сәйкес келеді. Сапаны бақылауды тәулік бойы неміс анализаторларымен жабдықталған зертхана қамтамасыз етеді. Дайын өнім арнайы мұздатқыш цехта сақталады.

Кәсіпорынның жұмысымен танысқаннан соң, тараптар ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Қытай ет қауымдастығы жылына 20 мың тонна шошқа етін импорттауға қызығушылық танытты.

Өз кезегінде, «EMC Agro» компаниясының өнеркәсіптік кешені Қытайға шығарылатын өнімнің 60% -ға жуығын жеткізуге дайын.

"Қазақстан - мүмкіндіктерге толы ел. Бүгінде Қытай ет қауымдастығына кіретін компаниялардың бірі жергілікті кәсіпорыннан шошқа етін сатып алуды жоспарлап отыр. Әңгіме жылына 20 мың тонна туралы болып отыр. Бірақ біз қой мен сиыр етіне де мүдделіміз. Сондай-ақ қазақстандықтарға мал шаруашылығын дамытуда және ірі және ұсақ мал етін Қытайға экспорттауда көмек көрсету үшін өз тәжірибелерімен бөлісуге дайынбыз", - деп атап өтті Қытай ет қауымдастығының сиыр етін импорттаушылар және экспорттаушылар клубының президенті Ма Гуаншэн.

"Қытайлық бизнес-қоғамдастық өкілдері бірлескен перспективалы жобаларды іске асыруға үлкен қызығушылық танытып, қазақстандық серіктестермен табысты ынтымақтастыққа үмітті. Қытайдың талаптары жоғары екенін түсіну керек. Жеткізу көлемі тұрақты, шикізат қауіпсіз болуы тиіс. Біздің етіміз жоғары сапалы, біз өз өнімімізге күмән келтірмейміз, жемісті ынтымақтастыққа дайынбыз. Көрші нарық біз үшін маңызды", - деді өз кезегінде «ЕМС Аgro» компаниясының басшысы Ержан Елеубаев.

Айта кету керек, Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнеркәсібі мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Қасым-Жомарт Тоқаев фермерлердің алдына азық-түлік қауіпсіздігімен қатар зауыттардың өндірістік базасын кеңейту, қазақстандықтарды сапалы өніммен, ал инвесторларды үздіксіз экспортпен қамтамасыз ету міндетін қойды.

Қытай ет қауымдастығы ҚХР-дағы ет өндіру және тарату бойынша ең ірі ұлттық бірлестік болып табылады және оған 1300-ге жуық мүше кіреді.

Ал, «EMC Аgro» – Қазақстандағы ірі ет өңдейтін кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын түпкі тұтынушы үшін жоғары сапалы, экологиялық таза өнім өндіру мен жеткізуге және еліміздің ет нарығындағы сұранысты толық қамтамасыз етуге бағытталған. Ет комбинатының өндірістік қуаты жылына 20 мың тонна ет және тәулігіне 30 тонна дайын өнім шығаруға мүмкіндік береді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды