Жаңа «E–labs» модулі іске қосылды

05.07.2024, 16:42
1224
Жаңа «E–labs» модулі іске қосылды GETTY IMAGES

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Қазақстанның Цифрлық ғылыми порталы іске қосылғаны туралы хабарлады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Цифрлық ғылыми портал «Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі негізінде әзірленді. Оны құру үшін мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу институттары мен университеттердің өкілдерін қамтитын фокус-топ құрылды.

Портал пайдаланушыларға ғылыми конференцияларды, семинарлар мен форумдарды іздеуді және оларға қатысуды жеңілдететін «Іс-шаралар» модулін ұсынады. Әрбір пайдаланушы өзін қызықтыратын іс-шараны тауып, қатысуға өтінім бере алады, ал ұйымдастырушылар өз іс-шараларын жариялап, өтінімдерді қабылдай алады.

«Е-labs зертханалар базасы» модулі ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жеделдететін зертханалар, жабдықтар және ғылыми ұйымдар туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Модуль инфрақұрылымның маркетплейсін және ғылыми ұйымдардың зертханалары бойынша қолдану салалары мен технологиялық дайындық деңгейлері бойынша сүзгілері бар бақылау тақтасын қамтиды.

Қазақстанның цифрлық ғылыми порталы ғылыми аудиторияға ыңғайлы және инновациялық құралдарды ұсына отырып, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті дамытудағы маңызды қадам болып табылады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды