1003

Саммидастана, Нұрастана, Астанақұл: Елімізде Астана есімді 24 адам тұрады

Астана есімі қойылған азаматтардың саны белгілі болды.

Саммидастана, Нұрастана, Астанақұл: Елімізде Астана есімді 24 адам тұрады
zolotukhin.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда Астана есімді 24 адам тұрады. Бұл есімді адамдардың басым бөлігі ерлер - 17 адам. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Мұндай есімі бар қазақстандықтарды Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларында кездестіруге болады. 

Сондай-ақ Астана атауын қамтитын өзге де есімдер бар. Бұлар - Астанабек, Астанадин, Астанай, Астанақұл, Астанали, Астанахан, Астанат, Ерастанахан, Нұрастана, Саммидастана, Элин Астана, Ару-Астана.

Материал авторы