15181

«14 жаста жаздым»: Роза Әлқожа марқұм Ажар Түзелбекқызы орындаған әнге қатысты мәлімдеме жасады

Халыққа кеңінен танымал «Сағындым сені» әнінің шындығы белгілі болды.

«14 жаста жаздым»: Роза Әлқожа марқұм Ажар Түзелбекқызы орындаған әнге қатысты мәлімдеме жасады
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отандық әнші, сазгер Роза Әлқожа марқұм Ажар Түзелбекқызы орындаған «Сағындым сені» әніне қатысты мәлімдеме жасады. Өнер иесі әншілерді әнді орындау үшін рұқсат сұрауға шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды. 

Эстрада жұлдызы біршама уақыт жарыққа шыққан туындысы туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды. 

«Сағындым сені. Он төрт жасымда жазған әнім. Кейінірек марқұм Ажар Түзелбекққызы ұнатып алып, сөзін Исраил Сапарбай аға жазды. Қазір қазақ-қырғыз арасында кеңінен тараған бұл әнді орындаушылар көбі қуантады. 

Бірақ кішкене сый-құрмет болуы қажет. Авторын атап өтіп, не жазып қоюға болады. Сосын әнді орындамас бұрын автордан рұқсат алу қажет екенін ұмытпаңыздар! Авторлық құқық деген болады. Орындаушысы қайтыс болғанымен авторлар бармыз!» - деді әнші. 

Мұны көрген желі қолданушылары Роза Әлқожаны қолдай кетті. Олардың арасында танымал туындының авторы Роза Әлқожа екенін білмейтіндер де табылды.

 «Өзіңіз айтсаңыз да болады ғой», «Жүрекке жеткен ән», «Мәссаған, сіздің әніңіз бе?», «Керемет», - деді желі оқырмандары.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор