Бүгін – Астананың туған күні: қала күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?

06.07.2024, 08:30
1683
Бүгін – Астананың туған күні: қала күніне орай қандай іс-шаралар өтеді? zolotukhin.kz

Биыл Елордаға 26 жыл толды!

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, мерекеге орай Астанада 100-ге жуық түрлі іс-шара өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарына арнап концерттік бағдарламалар, фестивальдар, спорттық турнирлер және т.б. ұйымдастырылмақ.

Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Миллионер қаласы мәртебесіне 2017 жылдың маусымында қол жеткізілді, ол кезде тұрғындар саны 1 002 874 тұрғын болды. Астана елдің солтүстігінде Есіл өзенінің жағасында орналасқан. 

Әкімшілік жағынан қала 4 ауданға бөлінген: Сарыарқа, Есіл, Байқоңыр, Алматы және Сарайшық аудандары.

Сондай-ақ қала әкімдігі Астананың туған күніне орай өтетін іс-шаралар тізімін жасады.

5-7 шілде аралығында елордада «Еуразия театры» халықаралық көше театрларының фестивалі өтуде. Іс-шараға эстониялық, польшалық, ресейлік және қазақстандық театр ұжымдары мен әртістер қатысады.

6 шілдеде сағат 11:00-де халықаралық көше театрлары фестиваліне қатысушылардың шеруі өтеді. Ол қала алаңынан басталып, Орталық саябаққа дейін жалғасады.

7 шілдеде сағат 14:00-ден бастап Орталық саябақта фестиваль қатысушыларының театрландырылған қойылымдары өтеді. Сағат 17:00-де фестиваль аяқталады.

6 шілде күні сағат 20:00-де Амфитеатрда Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония әртістерінің қатысуымен «Астана – арман қала» мерекелік концерті өтеді. Іс-шараға белгілі өнер қайраткерлері мен эстрада жұлдыздары Майра Ілиясова, Қанат және Света Айтбаевтар, Арайлым Рахимқызы, Гүлнұр Оразымбетова, Зарина Омарова, Мұратбек Хайролда, Фарида Жолдасова, Әкімхан Мәженов, Алтыншаш Мұқатаева, сондай-ақ DJ Dake және «ALEM» заманауи би балеті қатысады.

6 шілде күні сағат 11:00-де және сағат 15:00-де қала шетіндегі тұрғын алаптарда елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған «Астана – жүрегім» концерті өтеді. Мерекелік іс-шарада Мәди Қадыров, Гүлнұр Оразымбетова, Досымжан Таңатаров, Медет және Клара Салықовтар, Бауыржан Исаев және қазақстандық эстраданың басқа да жұлдыздары өнер көрсетеді.
Тұрғын алаптарда мерекелік концерттер өтетін орындар:

Алматы ауданы:
11:00 "Sana" спорт орталығының алаңы (Қажымұқан көшесі, 5);
15:00 Промышленный тұрғын алабы;

Байқоңыр ауданы:
11:00 Өндіріс тұрғын алабы ;
15:00 Кирпичный тұрғын алабы;
11:00 Өндіріс тұрғын алабы;
11:00 Қазқалашық тұрғын алабы;

Есіл ауданы:
11:00 Пригородный тұрғын алабы;
15:00 Бәйтерек монументі;

Нұра ауданы:
Сағат 11:00-де Үркер тұрғын алабы;
Сағат 15:00-де Мереке саябағы.

Сарыарқа ауданы:
11:00 «Қорғалжын» алаңы;
15:00-де Көктал саябағы;
11:00-де Агроқалашық тұрғын алабы.

6, 7 және 8 шілдеде сағат 12:00-ден бастап қала қонақтары мен тұрғындары үшін Орталық саябақта «Mereke stree» жазғы жобасы жұмыс істейді. Бұл – шеберлік сыныптары мен ашық аспан астындағы кинотеатры бар барлық жастағы азаматтарға арналған Отбасылық демалыс фестивалі.

6 шілдеде сағат 18:00-де ЭКСПО алаңында OPEN AIR ашық аспан астындағы мерекелік концерт өтеді. Іс-шарада отандық эстрада жұлдыздары Ninety one, Orda, Raim, Sadraddin, Kalifarniya, Nazima, Alpha, T'OI, Imzi, Құрмаш Махан, Jazzdauren және басқа да әртістер өнер көрсетеді. Концерт аяқталғаннан кейін шамамен сағат 22:15-те (22:30)«ASPAN» дрон-шоуы жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, дрондар шоуы үшін аспанға радиомен басқарылатын 1250 аппарат іске қосылады, оның ішінде 70 аппарат – пиротехникалық дрон. Бұл – дрон симбиозы мен пиротехниканың жаңа технологиясы. Шоулар қазақстандық және шетелдік композиторлардың әуенімен үндестірілетін болады. Шоу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.

7 шілдеде ЭКСПО алаңында домбыра күніне арналған мерекелік шоу-концерт өтеді. Кеш қонақтары: "Қорқыт" этно-фольклорлық ансамблі, "made in KZ" тобы, Ибрагим Ескендір және "Алтын Домбыра" балалар шығармашылық орталығы, "Assyl" тобы, Qalifarniya, Qanay, Ақтоты Болшова және басқа да әртістер.

Елорда күніне ауқымды спорттық-бұқаралық іс-шаралар жоспарланған. Арасында ең ірілері: 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған "Толағай алыптар сайысы" республикалық іріктеу турнирі, ат жарысы (конкур), "Елорда Кубогы" республикалық бәйге турнирі, "Ел жүрегі – Астана!", әуесқойлар арасындағы теннис чемпионаты.

Ірі іс-шаралармен қатар Байқоңыр ауданының тұрғындары арасында волейболдан турнир, "Астана сақасы" асық атудан ашық турнир (ерлер, әйелдер), мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында "Шоудаун" үстел теннисінен чемпионат, Сарыарқа ауданының тұрғындары арасында ұлттық ойын түрлері бойынша жарыстар өтетін болады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды