Ақтауда 13 жасар қызды зорлаған педофил 22 жылға сотталды

06.07.2024, 12:32
933
Ақтауда 13 жасар қызды зорлаған педофил 22 жылға сотталды Pexels

Оқиға Маңғыстау облысында болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жасөспірімді зорлау және оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасады деп айыпталған азаматтың ісі қаралды. Бұл туралы Kazinform жазды.

Сот мәліметіне сүйенсек, сотталушы 2023 жылдың тамыз айынан қараша айы аралығында жасөспірімнің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оны бірнеше рет зорлап жыныстық қатынасқа түсіп, оған қатысты сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасап келген. 

Сотталушының кінәсі куәгерлердің берген жауабымен, заттай дәлелдермен, сарапшылардың қорытындысымен және тергеу хаттамаларымен толық дәлелденген.

Шешім шығарушы орган сотталушыны ҚК 120-бабының 4-бөлігі, 121-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Сот оны педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, тағайындалған жазаларды ішінара қосу жолымен түпкілікті 22 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Алтынай Жорабаева кісі қайтқан жерге мобилограф ертіп келетін жұлдыздарды сынап тастады Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа адаммен жаңа өмір бастағалы жатыр Ирандағы босқындар Каспий асып келуі мүмкін бе? Сыртқы істер министрі жауап берді Енді инвесторды прокурордың рұқсатынсыз тексеруге болмайды Жандос Өмірәлиев: «Қылмыс деңгейінің төмендеуі – қоғамдағы оң өзгерістердің көрінісі» Бас прокуратура: Жалған ақпаратты жиі тарататын – жастар Енді іздеудегі адамдарды жасанды интеллект анықтайды Бас прокурордың орынбасары алаяқтарды анықтау жұмыстары күшейтілгенін жеткізді Прокурорлар балалар үйлеріне түнгі уақытта бақылау жүргізе бастады Прокуратура әлеуметтік желідегі ақпаратты күнделікті бақылайды – Жандос Өмірәлиев Ақсудағы дауылда ағаш қадалып қаза тапқан әйелдің отбасына 1 млн теңге ғана көмек көрсетілген Ресейде 14 жасар қызды ұрлап әкетті деген күдікпен өзбекстандық қамауға алынды «Мас күйде таксиге отырып, анама бардым»: Ұлықпан Жолдасов Садраддиннің әндерін сынға алды Иранның ядролық нысанына шабуылдан кейін ауыр зақым келгені спутниктен анықталды Александр Бублик әлемдік рейтингте ТОП-30 қатарына кірді Ресей мектеп бағдарламасынан украин тілін алып тастады Дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегеріне Моңғолия қазақтары автокөлік сыйлады Иран сыртқы істер министрі Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге барды Бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды Иранға жасалған соққы Трампқа импичмент жариялауға негіз болмақ