Қаңтарда 4 жасар Айкөркемді атты деп айыпталған әскери қайта сотталды

06.07.2024, 14:30
794
Қаңтарда 4 жасар Айкөркемді атты деп айыпталған әскери қайта сотталды Kazinform

Марқұм бүлдіршін өлімінің жай-жапсары белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қару қолдану арқылы билігін асыра пайдаланды деп айыпталған (ҚК 451-бабы 2-бөлігінің 1 тармағы) әскери қызметші Арман Жұманның ісін апелляциялық тәртіпте қайта қарады. Бұл туралы Kazinform жазды.

Бұған дейін кассациялық сот алқасы жәбірленуші тараптың шағымы мен прокурордың наразылығы негізінде апелляциялық сот алқасы үкімінің күшін жойып, екінші сатылы сотқа қайта қарауға жолдаған.

Қылмыстық іс жабық сот отырысында «құпия» белгісімен қаралған.

Оқиға былай болған.

2022 жылы 7 қаңтар сағат 19.30 шамасында сотталушы Жұман блокбекетте қарамағындағы әскери қызметшілерге бекетке жақындап келе жатқан автокөлікке оқ ату жөнінде заңсыз бұйрық берген.

Салдарынан 2017 жылы туған жас бала оқ жарақатынан қайтыс болып, 2006 жылы туған тағы бір балаға 5 оқтан денсаулығына ауыр зиян келді. 

Сотталушының кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, яғни жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындысы және заттай дәлелдемелермен дәлелденді.

Әскери соттың сот алқасы ақтау үкімінің күшін жойып, жаңа үкім шығарды.

Оған сәйкес ҚК 451-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша Жұман кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Апелляциялық үкім заңды күшіне енді.

Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО) Танымал актриса Әлия Әнуарбекке сырға салынды (ВИДЕО) «Қалаулым» қатысушысы өзін-өзі өртемек болды (ВИДЕО) Жетісу облысында 5 жасар қызды қағып өлтірген мас жүргізушіні сот босатып жіберген «Теңіздегі бес жұлдызды қонақүй»: Енді Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынайды Шерзат Болаттың өліміне қатыс сот үкімі 5 маусымда шығарылады