Шетелдіктер асырап алған қазақ баласы 17 жылдан соң өз анасымен қауышты

06.07.2024, 21:48
1223
Шетелдіктер асырап алған қазақ баласы 17 жылдан соң өз анасымен қауышты бейнежазбадан алынған кадр

Канада елінде өскен қазақ жігіті Жандос Райан Ақтауға келіп, туған анасымен кездесті. Сондай-ақ ол аға-бауырларымен де танысты. Бұл туралы Информбюро бағдарламасы мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, канадалықтардың қолында өскен Жандос ақтаулық анасын тауып, бауырларымен кездесті.

Басқа елде өскен Жандосты 10 айлығында Торонтода тұратын шетелдік отбасы асырып алған. Олар ер жеткен ұлдарының қалауына қарсы шықпай, Қазақстанға алып келген. Ол 17 жылдан кейін ғана өз туған жеріне аяғын басты. 

"Анам мені тастап кетсе де оған еш өкпем жоқ екенін айтқым келеді. Оны жазғырмаймын да. Тағдырдың жазуы солай шығар. Ал Ата жұртым мені ерекше ыстық ықыласымен қарсы алды. Жайлауда болып, домбыра аспабымен таныстым. Халқым қонақжай екен", - деді Жандос. 

Канадалық ата-анасын Қазақстанға ертіп келген жігіт бауырларымен де танысты. Сосын сәбилер үйіне барып, өзін баққан тәрбиешілермен қауышты. Тағдырлас балалармен ұзақ уақыт ойнап, көз жасына да ерік берді. Жандосты өсірген канадалық отбасы баланың қалауына қарсы шықпай, Маңғыстау жеріне келгендерін айтады.

"Ол туған анасын көргісі келе ме жоқ па өзі шешеді деп келдік. Ұлымыздың Торонтода қазақ достары көп. Олармен жиі кездесіп, араласып тұрады. Сонда достарының бірі анасын табуға кеңес берген. Біз оның ниетін қолдап, Ақтауға алып келдік", - деді асырап алған анасы Шанас Мұхамед. 

Жандос туған жеріне қонақ ретінде жиі келіп тұратынын жеткізді. Қазақтың қонақжайлығына риза болған жігіт Торонто қаласына қайта кетеді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды