Астанадағы Назарбаев халықаралық әуежайын су басып жатыр (ВИДЕО)

08.07.2024, 09:55
1035
Астанадағы Назарбаев халықаралық әуежайын су басып жатыр (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Астана әуежайының төбесінен су ағып жатқан сәттің видеосы тарады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана қаласындағы халықаралық әуежайдың төбесінен су кетіп жатыр.

Оқиға куәгерлерінің видеоматериалынан байқағанымыздай әуежайдың суағар жүйесінің жырығынан шыққан су стратегиялық нысан ішіндегі LED экран мен ғимараттың басқа шетіндегі жүк бөлмесінің де төбесінен құйылып жатыр. Видеода қорап толы жүктер малмандай су болғаны көрініп тұр.

Әуежайдың баспасөз қызметі бұл жағдайға түсініктеме берді.

«Астана халықаралық әуежайында жөндеу жұмыстары кезінде су құбырына зақым келтірілді. Қазіргі уақытта біздің мамандар жағдайды түзету және жұмысты мүмкіндігінше тез қалпына келтіру үшін тәулік бойы жұмыс істеуде. Орын алуы ықтимал қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызды бағалаймыз. Біз жолаушыларымыздың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды жасаймыз.

Әуежай қызметкерлерінің нұсқауларын және әуежай жұмысындағы кез келген уақытша өзгерістерді көрсететін белгілерге мән берулеріңізді сұраймыз», - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады