Димаш Астанада жеке концерт беремін деп шешті (ВИДЕО)

08.07.2024, 11:50
1729
Димаш Астанада жеке концерт беремін деп шешті (ВИДЕО) жеке парақшасынан

Концерт мәдениет министрлігінің қолдауымен өтеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Димаш Құдайберген күзде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Астанада жеке шығармашылық кешін береді. 

Концертті еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдап отыр. Бұл туралы өнер иесі Instagram парақшасында жазды.

Құрметті достар! Биыл Астанада 8-14 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілмек. Дүниежүзінің 100-ден астам мемлекетінен түрлі сайыстарға қатысу үшін 4 мыңнан астам спортшылар келеді деп күтілуде. Осы әдемі мереке аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен , "ДимашАли" шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен "Астана аренада" менің "Stranger" атты жеке концертім өтеді.

Билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері беріледі. Менің ресми аккаунттарыма назар аудара жүріңіздер. Концертте кездесейік, достар!,-деп жазды Димаш Құдайберген.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды