Қызылордалық 9 жасар бала бассейнге құлап кеткен сәбиді құтқарып қалды

08.07.2024, 17:15
2343
Қызылордалық 9 жасар бала бассейнге құлап кеткен сәбиді құтқарып қалды жеке мұрағатынан

Департамент 4-сынып оқушысы Айсұлтанға алғыс айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда қаласында бассейнге құлап кеткен екі жастағы інісін құтқарып қалған 4-сынып оқушысы Айсұлтан Хұсайынға облыстық төтенше жағдайлар департаменті алғыс білдірді.

Айсұлтанның отбасысы ағайындардың қатысуымен саяжайда ас береді. Сол жерде ересектерге арналған суға түсетін орында 2 жастағы Хантөре байқаусызда суға түсіп кетеді.

Оқиғаның барысы жөнінде Айсұлтанның атасы Хұсайын Қоразбаев баяндап берді. 

«Ата-анасының бақылап отырғанына қарамастан 2 жастағы Хантөре абайсызда ересектерге арналған хауызға құлап кетті. Ол су түбіне кете бастаған кезде сол жерде тұрған 1-сынып оқушысы Жансұлтан айқайлап, үлкендерді көмекке шақырады. Сол сәтте Айсұлтан дереу суға секіріп, Хантөрені құтқарып қалды. Балаларға арналған үрлемелі баллонға салып жағаға алып шығып, сол жерге келген ата-анасының қолына табыстады. Уақтылы, дәл, сапалы көрсетілген көмектің арқасында кішкентай Хантөреге медициналық көмектің Хұсайын Қоразбаев.

Айсұлтан – тоғыз жаста, егіздің сыңары, Ерсұлтан есімді бауыры бар. Олар – облыс орталығындағы дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебінің 4-сыныбында оқиды. Екеуі де оқу озаты. Сабақтан тыс уақытта «Евразия» спорт кешенінің жүзу секциясына, шахмат клубына барады. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті Айсұлтанның ерлігін жоғары бағалап, оған алғыс білдірді. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды