385

Шымкентте автобуста әдепсіз әрекет жасаған ер адам қамауға алынды

Шымкент тұрғыны автобуста өзге жолаушылардың көзінше әдепсіз әрекет жасағаны үшін жауапқа тартылды.

Шымкентте автобуста әдепсіз әрекет жасаған ер адам қамауға алынды
Шымкент ПД

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте қоғамдық көлікте жолаушылардың көзінше әдепсіз әрекет жасаған 38 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілерде тараған. Сот шешімімен қала тұрғыны 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. 

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ер адамның автобуста өзге жолаушылардың көзінше сексуалдық сипаттағы әдепсіз әрекет жасағаны көрінеді.

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тексеру барысында құқық бұзған азаматтың жергілікті тұрғын Закирджан Мурабзилов екені анықталған. Сот оны 10 тәулікке қамау туралы шешім шығарды.

Материал авторы