Теміртауда 2 ай бұрын жоғалған үш баланың анасы өлі күйінде табылды
Әйелдің мәйіті қаладан 22 шақырым жерден табылды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысында екі айға жуық уақыт бұрын із-түзсіз жоғалған 38 жастағы Теміртау тұрғыны Ирина Керннің мәйіті табылды. Әйелдің денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған. Кісі өлтіруге қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды.
Ирина Керн 2026 жылғы 20 қыркүйекте жоғалып кеткен. Содан бері оны іздеу жұмыстары жүргізілген. Алайда іздестіру шаралары қайғылы аяқталды. 13 қарашада жедел қызметкерлер Теміртаудан 22 шақырым жерден әйелдің мәйітін тапқан.
Марқұмның артында үш баласы қалды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген 40 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған дерек бойынша кісі өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы департамент басшылығының жеке бақылауында.
Материал авторы