399

Аяз бен тұман: синоптиктер 13 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады

Елдің кей өңірлерінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

Аяз бен тұман: синоптиктер 13 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады
Nick Verlice / pexels.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірқатар қаласында 13 қарашада жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Сондай-ақ жекелеген аймақтарда жел күшейеді. Күндіз ауа температурасы +2...+13 градус аралығында болса, түнде -7 градустан +6 градусқа дейін өзгереді.

Синоптиктердің болжамынша, елордада құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, аздаған қар жауады. Күндіз ауа температурасы 0...+2 градус болса, түнде -1...-3 градусқа дейін төмендейді.

Алматыда жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз ауа температурасы +5...+7 градусқа дейін көтеріліп, түнде -2...-4 градус болады.

Шымкентте де жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Күндіз +7...+9 градус, түнде 0...-2 градус болады.

Басқа қалалардағы ауа райы болжамы:

Ақтөбе: бұлтты, аздаған жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз +2...+4, түнде 0...-2 градус.

Ақтау: құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, жел күшейеді. Күндіз +11...+13, түнде +4...+6 градус.

Атырау: бұлтты, күндіз мезгіл-мезгіл жаңбыр жауып, жел екпіндейді. Күндіз +7...+9, түнде +3...+5 градус.

Жезқазған: жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз 0...+2, түнде -2...-4 градус.

Қарағанды: құбылмалы бұлтты, түнде аздаған қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз 0...-2, түнде -3...-5 градус.

Көкшетау: құбылмалы бұлтты, аздаған қар жауады. Күндіз +1...+3, түнде -1...-3 градус.

Қонаев: жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз +5...+7, түнде -2...-4 градус.

Қостанай: бұлтты, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады. Күндіз +1...+3, түнде -1...-3 градус.

Қызылорда: жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз +5...+7, түнде -1...-3 градус.

Павлодар: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман күтіледі. Күндіз 0...+2, түнде -4...-6 градус.

Петропавл: құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Күндіз +1...+3, түнде -1...-3 градус.

Семей: бұлтты, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады. Күндіз +1...+3, түнде -1...-3 градус.

Талдықорған: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +4...+6, түнде -5...-7 градус.

Тараз: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +5...+7, түнде -1...-3 градус.

Түркістан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Күндіз +7...+9, түнде 0...-2 градус.

Орал: бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, түнде жел күшейеді. Күндіз +4...+6, түнде +1...+3 градус.

Өскемен: бұлтты, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз +3...+5, түнде 0...-2 градус.

Материал авторы