46

Ирландияда Зеленскийдің кортежіндегі көлікке жұмыртқа лақтырылды

Журналист Украина президентінің кортежіндегі көліктің ластанған суретін жариялады.

Ирландияда Зеленскийдің кортежіндегі көлікке жұмыртқа лақтырылды
x.com/@SMurphyTV

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украина президенті Владимир Зеленскийдің Ирландияға сапары кезінде оның кортежіндегі көліктердің біріне жұмыртқа лақтырылып, машина ластанған күйде жеткен. Оқиға туралы Sky News журналисі Стивен Мерфи әлеуметтік желіде хабарлады. 

Журналист X әлеуметтік желісіндегі парақшасында көліктің суретін жариялап, «Зеленскийдің кортежіндегі көліктердің бірі біраз ластанған күйде келді» деген жазба қалдырған. Ақпаратқа қарағанда, машинаға жұмыртқа лақтырылған.

РБК мәліметінше, Ирландияда Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффпен және америкалық көшбасшының күйеу баласы Джаред Кушнермен келіссөз жүргізген. Кездесу Дублин маңындағы әскери аэродромда өткен.

АҚШ өкілдері Ирландияға Мәскеуден келген. Оған дейін олар Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізген.

Зеленский бұған дейін Абу-Дабиде өткен Ресей, АҚШ және Украина арасындағы үшжақты келіссөздерде ілгерілеу бар екенін мәлімдеген. 

Материал авторы