Қырғызстан президенттігіне 11 адам үміткер: олардың арасында Садыр Жапаров та бар
Қырғызстандағы президент сайлауы 2027 жылғы 27 қаңтарда өтеді, ал үміткерлерді ресми тіркеу желтоқсан айында аяқталмақ.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстанда алдағы президент сайлауына қатысуға ниет білдірген 11 адамның есімі белгілі болды. Олардың қатарында қазіргі мемлекет басшысы Садыр Жапаров, кәсіпкерлер, бұрынғы депутаттар мен мемлекеттік қызметтің экс-басшылары бар.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, президенттікке үміткер ретінде ұсынылғандар:
-
Садыр Жапаров – қазіргі президент;
-
Аймен Касенов – кәсіпкер;
-
Азамат Есенбеков – бизнесмен;
-
Сыймык Жапыкеев – Қаржы полициясының бұрынғы басшысы;
-
Акай Кыдыров – кәсіпкер;
-
Исхак Масалиев – Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты;
-
Бактыбек Калмаматов – Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты;
-
Бакытбек Адылов – Мемлекеттік көші-қон қызметінің бұрынғы төрағасы;
-
Амур Айба Медер – «БОйл» ЖШҚ директоры;
-
Мамбетжунус Абылов – Орталық сайлау комиссиясы мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бұрынғы басшысы;
-
Клара Сооронкулова – Жоғарғы соттың Конституциялық палатасының бұрынғы судьясы.
Үміткерлерді қолдау үшін электронды қол жинау 2026 жылғы 7 желтоқсанға дейін жалғасады. Заңнамаға сәйкес, президенттікке үміткер ретінде тіркелу үшін әрқайсысы кемінде 30 мың сайлаушының қолдауына ие болуы керек.
Тіркеуге қажетті құжаттарды қабылдау 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Ал үміткерлерді ресми тіркеу 23 желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс.
Қырғызстандағы президент сайлауы 2027 жылғы 27 қаңтарға белгіленген. Қазіргі президент Садыр Жапаров бұған дейін екінші мерзімге сайлауға түсу ниетін мәлімдеген.
Материал авторы