Нұрлан Албанның ұлы бір жылдық әскери қызметтен кейін үйіне оралды
Өнер иесі ұлымен қайта қауышқанын жария етті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Нұрлан Албан бір жыл бұрын Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған ұлының әскери қызметін аяқтап, үйіне аман-есен оралғанын хабарлады. Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желіде бөлісіп, әскердегі сарбаздардың барлығына отбасымен қауышуды тіледі.
Әнші Instagram парақшасында ұлын әскерге шығарып салған сәтін еске алып, арада бір жыл өте шыққанын байқамай қалғанын айтты.
«Сүйінші! Естеріңізде болса, тура бір жыл бұрын ұлымды Отан алдындағы әскери борышын өтеуге аттандырған едім. Мінекей, уақыт деген зымырап, қас пен көздің арасында өтіп жатыр. Бүгін, міне, Аллаға шүкір, аман-есен шаңыраққа оралды. Өте қуаныштымын», – деп жазды Нұрлан Албан.
Сондай-ақ өнер иесі әскери қызметін өтеп жүрген барлық сарбаздың елге аман-сау оралуын тілеп, ақ тілегін жеткізді.
«Әскерде жүрген әр сарбаздың аман-сау отбасына оралуын шын ниетіммен тілеймін!» – деді әнші.
Материал авторы