Nvidia басшысын Қытай тыңшысы болуы мүмкін әйелмен байланысына байланысты Конгреске шақырды
АҚШ конгресмендері Nvidia басшысынан компанияның технологиялық құпияларын қорғау жүйесі туралы түсініктеме алмақ.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасындағы үш комитеттің төрағасы Nvidia компаниясының бас директоры Дженсен Хуанды 18 қарашада жабық брифингке шақырды. Конгресс мүшелері оның Сингапурдың Megaspeed компаниясының бұрынғы басшысы Элис Хуанмен қандай байланыста болғанын және Nvidia өндірістік тыңшылықтан қорғану үшін қандай шаралар қабылдап жатқанын анықтағысы келеді.
Бұған The New York Times газетінде жарияланған материал себеп болған. Басылым аты-жөні аталмаған дереккөздерге сүйене отырып, Қытай барлауы Nvidia басшысы туралы ақпарат жинау үшін Элис Хуанды өз қатарына тартқан болуы мүмкін екенін жазған. Megaspeed компаниясы Nvidia-дан жасанды интеллект саласына арналған чиптер сатып алған.
Bloomberg мәліметінше, Дженсен Хуангтан 11 қарашаға дейін кездесуге қатысатынын растау немесе басқа күн ұсыну сұралған. АҚШ Өкілдер палатасының Қытай мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Джон Муленар егер компания басшысы кездесуге келіспесе әрі балама күн белгілемесе, оны ресми шақырту арқылы мәжбүрлеп қатыстыруы мүмкін екенін айтқан.
Конгрессмендерді Хуангтың Элис Хуанмен қарым-қатынасының сипаты ғана емес, компанияның коммерциялық құпиялары мен технологиялық ақпаратын қорғау мәселесі де қызықтырады.
Айта кетейік, бұған дейін Дженсен Хуангтың жеке өміріне қатысты даулы ақпараттар жарияланған еді. Azattyq Rýhy басылымының жазуынша, ықтимал ажырасу Nvidia басшысына 80 миллиард долларға дейін шығын әкелуі мүмкін деген болжам айтылған. Сондай-ақ оның жұбайына опасыздық жасағаны туралы ақпарат қайта тараған.
Материал авторы