Заңға өзгеріс: елімізде ұлттық парктерге кіру ақысы алынып тасталды

08.07.2024, 17:53
1104
Заңға өзгеріс: елімізде ұлттық парктерге кіру ақысы алынып тасталды qazaqstan3d.kz

Тоқаев заңға өзгеріс енгізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Өзгеріс туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Заңның толық мәтіні енді жарияланады. 

Еске сала кетсек, бұған дейін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемнің жаңа мөлшерлемесі енгізілген болатын.

2024 жылға арналған алым мөлшерлемелері мыналарға негізделген еді:

- жаяу жүргіншіден – 0,1 АЕК (369 теңге);

- мотоцикл, мопед, квадроцикл үшін – 0,2 АЕК (738 теңге);

- жеңіл автокөлікке – 0,3 АЕК (1 108 теңге);

- сыйымдылығы 16 орынға дейінгі шағын автобустар мен жүк көліктері үшін – 1 АЕК (3 692 теңге);

- 32 орынға дейінгі автобустар үшін – 2 АЕК (7 384 теңге);

- 32-ден астам орындық автобустар үшін – 3 АЕК (11 076 теңге).

Елді мекендерде тұрақты тұратын және (немесе) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекарасында орналасқан саяжайлары бар жеке тұлғалар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бару ақысын төлеуден босатылатын.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады