Бүгін Ресей әскері Украйын елін жаппай зымыранмен атқылады

08.07.2024, 19:01
1135
Бүгін Ресей әскері Украйын елін жаппай зымыранмен атқылады Anatolii STEPANOV / AFP

Киевтің өзінде 15 адам қайтыс болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін Ресей зымырандарының атқылауының кесірінен Киевте 15 адам қаза тауып, 37 адам зардап шеккен. 

Зымыран шабуылынан Киевтегі «Охматдет» балалар ауруханасының бір бөлігі бұзылған. Ауруханада зардап шеккендер бар, олардың нешеуі бала екені әлі белгісіз. Зымыран сынықтары Киевтің бірнеше ауданына, қала ортасына түсіп, бірнеше ғимаратта өрт шыққан.  

Желіде жарияланған фото, видеолардан балалар ауруханасының қатты қирағаны көрінеді. Науқас балалар мен олардың ата-аналары сыртта отырғаны байқалады. Үйінділер астында адамдар болуы мүмкін. 

Киев тарабы Ресей ракеталарды Каспий теңізінен жібергенін айтады. Бүкіл Украйын аумағында дабыл қағылды. Ел ішінде ракетаға қарсы жүйелер іске қосылған. Ел президенті Владимир Зеленскийдің хабарлауынша, Ресей 40-тан аса ракета атқан.

Ал Ресей қорғаныс министрлігі әскери мекемелері мен авиациялық базаларына шабуыл жасамағанын, азаматтық нысандарды зымыранмен атқыламағанын айтады. Мәскеу Киевке зымырандар Украйынның зымыранға қарсы құрылғыларынан түсті деп отыр.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді