Солтүстік Корея мен Ресейдің достығынан секем алған НАТО саммит өткізбек

08.07.2024, 19:52
1107
Солтүстік Корея мен Ресейдің достығынан секем алған НАТО саммит өткізбек KCNA VIA KNS / AFP

9-10 шілде күндері Уашиңтонда өтетін НАТО саммитіне Аустралия, Жапония, Жаңа Зеландия мен Оңтүстік Корея шақырылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, осы аптаға жоспарланған НАТО жиынында Ресей мен Солтүстік Кореяның әскери бірлестігі күшейген тұста Оңтүстік Корея мен Жапонияның қауіпсіздік байланыстарын нығайту туралы талқылау өтетін айтты сарапшылар.

9-10 шілде күндері НАТО құрамындағы 32 елдің басшылары Уашиңтонда жиналып, Украйынға үздіксіз әскери көмек көрсету жолдарын талқыламақ.

Саммитке Аустралия, Жапония, Жаңа Зеландия мен Оңтүстік Корея шақырылған. АҚШ, Жапония мен Оңтүстік Корея саммит кулуарында жүздеспек.

Сарапшылар Жапония мен Оңтүстік Корея НАТО саммитінде талқылайды деп күтетін мәселелердің бірі — Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы әскери ынтымақтастықтың артуы боп тұр.

Өткен айда Ресей басшысы Владимир Путин мен Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын Пхеньянда өзара қорғаныс туралы келісімге қол қойғаннан кейін, кейбіреулер КХДР Ресей басып алған Донецк жеріне соғыс кезінде қираған аймақты қалпына келтіру үшін армия инженерлерін жібереді деп болжады.

Пентагонның баспасөз хатшысы генерал-майор Патрик Райдер 25 маусымда өткен баспасөз мәслихатында АҚШ әскерлердің жіберілуін қадағалап отырғанын айтқан еді. Бірақ Солтүстік Кореяға «Украинаға қарсы заңсыз соғыста зеңбірек еті болатынын» айтып, әскери күш жібермеуді ескертті.

Уашиңтон мен Сеулдің есебінше, Пхеньян Ресейге 10 000 астам оқ-дәрілер жібергенге ұқсайды. Ал Мәскеу мен Пхеньян қару алмастығын жоққа шығарып отыр.

«НАТО мүшелері Ресей мен Солтүстік Корея жақындасуының салдары, тәуекелі мен мүмкіндіктері тұрғысынан қалай оңды жауап беру керегін талқылайды. Қытай, Ресей және Солтүстік Корея арасындағы қайта жанданған бірлестік Еуропа мен Азия арасындағы қауіпсіздік байланысын жеделдетті.

Нәтижесінде мен НАТО-ның Шығыс Азияға, әсіресе әлемдегі ең үлкен жасырын әскери күш болып табылатын Жапониямен қарым-қатынасы жақсырақ болғанын күтемін», – дейді Токиодағы ұлттық саяси зерттеулер институтының профессоры Мэттью Бруммер.

Руслан Берденовті атты деген күдікті Ернар Жиембайдың әкесі ресми мәлімдеме жасады Меркіде қария 13 жастағы немересін зорлаған «Біреуін мүгедек еткен»: Қарағандылық отбасы 6 бала асырап алып, оларды тоқтаусыз қорлап келген (ВИДЕО) Келіншек рұқсатсыз кәмпит жеген 8 жасар баласының саусақтарын өртеп жіберген Алаяқ тұрғындардың телефонын хабарласуға сұрап алып, бірнеше микрозайм рәсімдеген Wildberries маркетплейсінде сатылатын кремдерден «рак» тудыратын заттар табылды Ақмола облысында бәрбіреулер зиратты мазаққа айналдырып, анайы суреттер салып кеткен Макрон: АҚШ өз ызасын тек Путинге бағыттауы керек Жанар Айжанова қызының ұзату тойын дүркіретіп өткізді (ФОТО) Ер адам шулаған жастарды тыныштандырамын деп әйел адамды атып өлтірді Жасанды интеллект өкпе обырын дәрігерлерден төрт ай бұрын анықтап алды 14 жылдық үнсіз азап: Түркістанда мүгедек жігітті әкесінің бауырлары зорлап келген «Қатерлі ісік»: Қазақстандағы түрмелерді қарайтын Серік Голова қайтыс болды «Мұрат соттан қашып ішіп кетті, ал әйелі алаяқ»: заңгер Мұрат Әбділда мен оның әйелі туралы шындықты айтты Ауруханадағы комедия: 62 жастағы ер адамның жамбасынан күлімдеген бет шықты «Тырнақ астына, табанға ине тығады»: ата-аналар Шымкент түрмесіндегілерді азаптап жатқанын жеткізді (ВИДЕО) «Уайымдама, тез келемін…»: 16 жастағы мектеп оқушысы ешкімге айтпай саунаға кетіп, қаза болды Түркияда жер сілкінісінен кейін Өзбекстан азаматы стресстен көз жұмды «Ресей үшін соғысуға адам тартқан»: Қырғызстандағы «Русский дом» қызметкері қамауға алынды Шымкенттік оқушы әлемнің үздік 50 университетінен шақырту алды