Астанада өткен бәйге жарысын 2,5 мыңға жуық көрермен тамашалады

08.07.2024, 21:12
982
Астанада өткен бәйге жарысын 2,5 мыңға жуық көрермен тамашалады Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Жалпы жүлде қоры 30 млн теңге болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана қаласының маңындағы Талапкер ауылында «Бәйге» түрлері бойынша республикалық жарыс өтті.

Шабандоздар жеті шақырымдық жорға жарыс, жеті шақырымдық құнан бәйге, 15 шақырымдық топ бәйге, 22 шақырымдық аламан бәйге бойынша сынға түсті. Жарысқа еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан спортшылар қатысты.

Бәйге десе ішкен асын жерге қоятын қазақ халқына ат спорты өте жақын. Өйткені сан ғасырлар бойы жылқы күнделікті қазақ халқының тіршілігінде біте қайнасып кеткен. Сондықтан да Астана қаласында ат спортын дамытуға барынша көңіл бөлініп келеді. Бүгінгі «Елорда кубогына» еліміздің барлық өңіріне 120-дан астам тұлпар қатысып жатыр. Өздеріңіз білетіндей, қыркүйек айында IV Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді. Бүгінгі бәсеке сол жарысқа дайындық десе болады. Барлығына сәттілік тілеймін, - деді Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының президенті Ерлан Каналимов.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 30 млн теңгені құрады.

Жорға жарыс (7 шақырым), 15 қатысушы.

1-орын Дастан Алыбакасов (“Ақжауын”, Абай облысы) - 2,5 млн теңге;

2-орын Арнат Мұратхан («Салкүрең», ШҚО) — 1,5 млн теңге;

3-орын Евгений Сибисов («Аквамарин», Қарағанды облысы) - 1 млн теңге.

Қырғызстанның тумасымын. Былтыр Қазақстаннан ұсыныс алып, осында өнер көрсетіп келемін. Биылдыққа 2 рет жарыс жолына шығып, Абай облысында күміс жүлдеге ие болсам, бүгін чемпион деген атақ бұйырды. Өте қуаныштымын. Бірақ жаңбырдан кейін жарыс жолы өте қиынға соқты. Енді 3 тамыз күні Дүниежүзілік көшпенділер ойынының іріктеуіне қатысамын, - деді 18 жастағы Дастан Алыбакасов эмоциясымен бөлісіп.

Құнан бәйге (7 шақырым), 28 қатысушы.

1-орын Арнат Мұратхан («Найза», Астана қаласы) - 2,5 млн теңге;

2-орын Бекзат Ділдәхан («Қарлығаш», Алматы облысы) - 1,5 млн теңге;

3-орын Абзал Тұрғанбек («Ұлар», Алматы облысы) - 1 млн теңге;

Топ бәйге (15 шақырым), 30 қатысушы.

1-орын Арнат Мұратхан («Шайкүрең», Астана қаласы) - 4 млн теңге;

2-орын Жанболат Жасұзақұлы («Кемеңгер», Астана қаласы) - 2 млн теңге.

3-орын Абзал Тұрмыс («Мамлюк», Алматы облысы) - 1 млн теңге.

Бәйге (22 шақырым), 37 қатысушы.

1-орын Арыс Жанаров («Көкшақай», Қарағанды облысы) - 5,5 млн теңге;

2-орын Бекзат Ділдәхан («Сайгон», Алматы облысы) - 3,5 млн теңге;

3-орын Ертөс Исламнұр («Бәйтерек», Астана қаласы) - 2,5 млн теңге;

4-орын Дарын Сайлауғазы («Жел», Абай облысы) - 1 млн теңге;

5-орын Алдияр Ердосұлы («Қарлығаш», Астана қаласы) — 550 мың теңге.

Қыркүйек айында IV Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді. Бағдарламаға бәйге жарысы да енген. Бұйырса, 3 тамыз күні Павлодар және 11 тамыз күні Алматы қаласында іріктеу турнирі өтіп, жүлдегерлер ел намысын қорғайды. Бүгін ресми турнирдің алдында тұлпарлар дайындықтарын пысықтап жатыр десе болады. Мысалы, «Бәйге» сайысында Қазақстан чемпионатының бірнеше мәрте чемпионы «Сайгон» атты тұлпар қатысуда, - деді жарыстың бас төрешісі Нұрлыбек Мұхамедияров өз пікірін білдірді.

Жарыстың басты іс-шарасының соңында 2,5 мыңға жуық көрерменнің арасында лотерея ойнатылып, жеңімпаздар тұрмыстық техникаларды иеленді.

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған