Жаңаөзенде белсенділер марқұм Айдос Садықтың жетісін берді

09.07.2024, 14:31
1055
Жаңаөзенде белсенділер марқұм Айдос Садықтың жетісін берді facebook.com/utekeeva

50 шақты адам құран бағыштады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 8 шілдеде Маңғыстау облысының белсенділері Жаңаөзен қаласында Киевте қастандықтан көз жұмған оппозициялық журналист, белсенді, "Бәсе" YouTube-арнасының авторы Айдос Садықовтың жетісін берді. Марқұмның рухына құран бағыштауға Ақтау, Шетпе, Жетібайдан 50 шақты адам жиналған.

Белсенді Шолпан Өтекееваның Азаттыққа айтуынша, Маңғыстау облысының тұрғындары Садықовтың жетісін беруге Жаңаөзендегі мейрамханалардың бірін таңдап, ақшасын төлеген. Аз уақыт қалғанда мейрамхана иесі орын бере алмайтынын айтып, ақшаларын қайтарып берген. Белсендінің сөзінше, бұған құқық қорғау органдары қызметкерлері кедергі келтірмек болған. Белсенділер мейрамхана иесімен қайта сөйлесіп, жетісін беруге рұқсат алған.

Жиында сөз сөйлегендердің бәрі Садықовтың қазасын «саяси өлім» деп атады дейді белсенді Өтекеева.

Белсенді Жадыра Досекеева жиында Садықов Қазақстанда адам құқықтары сақталуы үшін күресіп, сол үшін құрбан болды деп санайтынын айтқан.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол