Қызылордалық оқытушылар жасанды зият арқылы оқыту әдістерін меңгерді

09.07.2024, 15:15
1019
Қызылордалық оқытушылар жасанды зият арқылы оқыту әдістерін меңгерді Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды зият институтында оқытушыларға арналған жазғы мектеп өтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Басқарма мүшесі, ІТ және стратегиялық жоспарлау жөніндегі проректор Махмуд Томанов, Жасанды интеллект институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев және IT мамандар жазғы мектепті жүргізді.

 

Оқытушылардың біліктілігін арттыру мақсатында «Жасанды интеллект арқылы оқыту әдістерін дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Курстың алғашқы күнін Microsoft АҚ-ның ТМД елдерінде білім беруді дамыту бөлімінің басшысы Данияр Жұмабеков арнайы шақырылып, «Қорқыт Ата университетіндегі цифрлық трансформация: Microsoft AI арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашыңыз» тақырыбында семинар өткізді.

Курс мақсаты – жасанды зият негізгі ұғымдарымен және әдістерімен таныстыру, білім беруде AI қолданудың этикалық аспектілерін зерттеу, оқу үдерісін жақсарту үшін AI агенттері мен деректерді талдау құралдарын пайдалану дағдыларын дамыту.

Білім ордасының 200-ге жуық профессор-оқытушылары 72 сағат бойы теориялық және практикалық білім алып, AI негізгі түсініктері мен әдістері, машиналық оқыту, тереңдетіп оқыту, табиғи тілді өңдеу, компьютерлік көру және генеративті AI-ды білім беру үдерісінде қолдану әдістерін меңгерді.

Өзіндік жұмыс сағатында хаттарды құрастыру, халықаралық серіктестерді іздеу, хаттар мен өтінімдерді дайындауды автоматтандыру, мақсатты бағдарламалық қаржыландыру әзірлеу және AI-агентті пайдалану жобасын әзірлеу дағдыларын үйренді. Курс ұйымдастырушылары ЖЗ навигатор 1.0 әдістемелік құралын осы жазғы мектеп барысында қатысушыларға пайдалану үшін табыс етті.

Курс соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды. Жасанды зият бойынша біліктілікті арттыру курстары алдағы уақытта да өткізіліп тұрады.

Forte Kulanshi Art Space: Астаналық арт-ортаның жаңа белесі Словения президенті Димаштың жанкүйері болып шықты «Qoslike» бағдарламасының жүргізушісі ұзатуында өзіне тілек айтып, халықтан сөз естіді (ВИДЕО) Енді жеке куәлікті онлайн алуға болады «Chanel, Dolce & Gabbana және Prada»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті Шерзаттың әпкесі Бақыт Реймова суицид жасамақ болды «Жүре алмай, қоштасып келдім»: Жұлдызай Дүйсенбиева ауыр халге түскенін айтты «Аурухананың білікті заңгері болды»: Құлсарыда бұрынғы күйеуінің қолынан қаза болған әйел туралы тың дерек пайда болды «Кредит жабамын» деп Ресейге жұмысқа кеткен жігіт жоғалып кетті Жетісулық мектеп оқушысы бетон жабындысының астында қалды Туды қорлаған қара жамылған қыздар жазаланды Бүгін Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл «Жаңбыр, тұман, жел»: 1 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Шерзат Болаттың ісі бойынша сот қашан басталатыны белгілі болды «Арасында Сара Тоқтамысова, Мөлдір Әуелбековалар бар»: Айгүл Елшібаева хиджабтың үстінен тақия киетіндерді сынады «Мама, намаз оқисыз ғой» деп отыратын»: Қаржы пирамидасын жарнамалап сотталған Мейіржан Төребаевтың анасы ел алдына шықты Павлодарлық еркек 14 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді Әлімжеттік туралы видео жариялаған астаналық студенттің анасы жауапқа тартылды «Бриллианттарымды таратып жатырмын»: Мақпал Жүнісова әнші Бүркіттің әйеліне ерекше сыйлық тарту етті «Бетін аяқпен теуіп, түкірген»: Теміртаулық жасөспірімдер зейнеткерді ұрып-соққан (ВИДЕО)