Қандас балаларға Димаш Құдайбергеннің қолтаңбасымен қойын дәптер тарту етілді

09.07.2024, 18:31
970
Қандас балаларға Димаш Құдайбергеннің қолтаңбасымен қойын дәптер тарту етілді ашық дереккөзден

Балаларды Димаштың қолтаңбасымен қуантты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2024 жылғы 6 шілде күні «IQanat High School of Burabay» мектебінде «Отандастар қоры» Бурабайда ұйымдастырған «Jas Qazaq» жазғы этно-лагерінің салтанатты жабылуы өтті.

Аталмыш шараға Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Қырғызстан, Иран, Оңтүстік Корея сынды 7 елден келген 255 қандас балалар қатысты. Екі апта бойы олар Бурабай баурайында демалып, қазақ тілі мен тарихынан білімдерін шыңдап, қазақ салт-дәстүрлерін үйренді. Лагерь бағдарламасына қазақ тілі және тарихы сабақтары, домбыра тарту, садақ ату, киіз үй құру, асық ойындары, атпен серуендеу сияқты ұлттық сипаттағы үйірмелер енгізілген болатын.

Лагерьдің жабылу салтанатында балалар өздерінің ерекше өнерлерін көрсетіп, соңғы сәттерін есте қаларлықтай өткізуге тырысты. «Айгерім» би ансамблі «Ақбаян» биін орындаса, «Балауса» тобы «Сарыжайлау» әнін шырқады. Сонымен қатар, «Адай» және «Балбырауын» күйлері тартылып, зор қошеметке ие болды.

«Отандастар қоры» КеАҚ президенті Данияр Қадыров өз сөзінде жобаның үлкен сұранысқа ие екенін атап өтіп, алдағы уақытта оның ауқымын кеңейтуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Биыл лагерге 12-17 жастағы 250 бала келді. Бұл жобаны төртінші жыл өткізіп жатырмыз. Болашақта балалар санын одан да ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Бір маусым 2 апта, екі маусым жасаймыз деген ойымыз бар. Балалардың санын көбейтеміз, себебі шеттегі ағайындардан сұраныс өте көп, - дейді «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Данияр Қадыров.

Лагерь барысында қатысушылар өнер, білім, шығармашылық, спорт байқауларында, тәртіп пен алғырлық жағынан түрлі сайыстарға түсті. Бәсекеге толы жарыстар нәтижесінде «Қызыл орда» үздік деп танылып, орда мүшелеріне медаль мен мадақтама табысталды.

«Отандастар қоры» мен «Түркістан» халықаралық газеті бірлесіп ұйымдастырған эссе байқауының жеңімпаздары лагерге жолдама алған болатын. Газеттің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы арнайы келіп, жеңімпаздарды құттықтап, оларға Димаш Құдайбергеннің қолтаңбасы қойылған блокноттарды сыйға тартты. Бұл балалар үшін ерекше қуанышты сәт болды.

Теміртау мәдениет сарайының шығармашылық ұжымы арнайы келіп, лагерь қатысушыларына әсем әндер мен күйлер орындап, патриоттық рухты көтерді. Олардың өнері балалардың көңілінен шықты.

«Отандастар қоры» жанынан құрылған «Еріктілер ассоциациясының» мүшелері Санжар мен Аруна биыл лагерьге ерікті ретінде қатысты. Өткен жылы олар бұл лагерьге қатысушы ретінде келген болатын. Еріктілер «Үздік ерікті» номинациясымен марапатталды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды