«Қызуқанды жігіттер бар»: Ақбота Керімбекова қамаудағы әріптестерін қорғады

Аиса Махамбет Редактор
09.07.2024, 20:30
2482
«Қызуқанды жігіттер бар»: Ақбота Керімбекова қамаудағы әріптестерін қорғады бейнежазбадан алынған кадр

Ақбота Керімбекова заң бұзып, 10 тәулікке қамауға алынған Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожаға араша түсті. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі қате басқан қадамды табалап, адамды қаралау дұрыс емес екенін алға тартты. 

Адамдардың жаза баспағанын, қателеспегенін қалағаныммен, біреудің біреуді сүрінгені үшін табалағанын ешқашан дұрыс көрмеймін. Адамдардың қатеcіне қуанғандай болып біреулер бірдеңені көкиді де жатады, әйтеуір… Адам танитын жасқа келдік қой, рас, біздің эстрадада қызуқанды жігіттер бар, ол қасиет қазір оғаш көрінгенімен, бұрынырақ жігітке тән мінез саналатын. Бірақ дәл Қайрат пен Әбдіжаппар жанына тимесең көтеріле қоймайтын ең бір елгезек, кісі сыйлайтын інілердің қатарында болатын. Бірінен соң бірін тоғытатындай бұл не жағдай деп ойланып отырмын да… Кімнің қандай пиғылын бүркелемеу үшін 10-15 күн керек болды екен, – деп жазды әнші. 

Сондай-ақ әнші біреудің қатеcіне қуану қоғамда белең алып тұрғанын да баса айтып өтті. 

«Біреудің жаза арқалағанына жарыса қуану бізге қайдан жұққан дерт осы?!. Бұл қылық қай ақылға сыяды?!. «Ұлы барлар ұрыға, қызы барлар жөзекшеге күлмесін» деген тыйымды саналардан қашан, қалай шығарып алдық?.. Ең болмаса, «тікен баламның табанына кіргенше, менің майдайыма кірсін», деп тілеп отыратын әке мен шешенің, бала-шағаның көңілін неге ойламайды екен біреуді тілдемес бұрын?.. Біреу жетістікке жетті, біреу қуанышқа кенелді десе, тілі күрметілетін алатайдай топ біреу сүрінді десе бөрігін аспанға атқандай болып алып ұшып шыға келеді. Әй, Құдай-ай!.. Тілде, күнде, табала, жүнжіт әлде де, содан керемет боламыз», – деді эстрада жұлдызы. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады