«Қанға боялған ақша»: Демеуші «Яндекс» болатынын естіген британ тобы Алматыда концерт өткізуден бас тартты

10.07.2024, 13:33
4560
«Қанға боялған ақша»: Демеуші «Яндекс» болатынын естіген британ тобы Алматыда концерт өткізуден бас тартты ашық дереккөзден

Британиялық Editors рок-тобы Алматыдағы Park Live музыка фестиваліне қатысудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бұған дейін британиялық Editors тобы Алматыда өтетін "Яндекс" демеушілігімен Park Live фестивалінде өнер көрсететінін жариялаған. Алайда біраз уақыттан кейін хабарландыру жазбасы жойылды. Енді музыканттар фестивальге қатысудан мүлдем бас тартып отыр.

Топтың хабарламасында фестивальде өнер көрсету үшін "келіссөздер жүргізіліп жатқаны" айтылған.

"Бірақ қазір бізге іс-шараға кім демеушілік жасап жатқаны хабарланған соң, бірден бас тарту туралы шешім қабылдадық. Болашақта Қазақстанға басқа бір жақсы жағдайда келеміз деп үміттенеміз", – дейді музыканттар.

Meduza.io порталының дерегінше, Қазақстандағы қойылым жарияланғаннан кейін жанкүйерлер музыканттарды сынға алған. 

"Ресейліктер демеушілік ететін фестиваль – жақсы таңдау. Қанға боялған ақша алғаннан кейін қолыңызды жууды ұмытпаңыз", "Яндекстің ресейлік компания екенін білесіз бе?" – деп оқырмандар шағымданған.

Айта кетейік, Park Live музыка фестивалі Мәскеуде 2013-2019 жылдар аралығында өтті. Онда көптеген батыс жұлдызы өнер көрсетті: The Prodigy, Gorillaz, Massive Attack, Red Hot Chili Peppers, The Killers, System of a Down. 2020-2021 жылдары фестиваль коронавирус пандемиясына байланысты, ал 2022-2023 жылдары Ресейдің Украинаға басып кіруіне және шетелдік әртістердің Ресей Федерациясына гастрольдік сапардан бас тартуына байланысты кейінге шегерілді.

Бұған дейін украиналықтар Placebo тобын Алматыда өнер көрсеткені үшін "геноцид демеушілері" деп атағаны хабарланған еді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді