Астана әкімдігі тұрмысы нашар түлектердің оқу ақысын төлеп беру үшін құжат қабылдап жатыр

10.07.2024, 16:31
910
Астана әкімдігі тұрмысы нашар түлектердің оқу ақысын төлеп беру үшін құжат қабылдап жатыр sputnik

Астаналық мектеп түлектеріне тегін оқуға мүмкіндік бермек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 1 шілдеден 23 тамызға дейін (қоса алғанда) Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы түлектерге қаланың жоғары оқу орындарында күндізгі оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек көрсету үшін құжат қабылдайды. Бұл жайында елорда әкімдігі мәлімдеді. 

Жыл сайын Астана қаласының мектеп түлектеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі:

— жетім балалар;

— балалар үйінің түлектері;

— бала кезінен мүгедектігі бар адамдар;

— ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

— көпбалалы отбасынан шыққан балалар (оның ішінде осы жылы үлкен бала — кәмелетке толған кезде білім беру ұйымдарына күндізгі оқу нысанына түскенге дейін);

— асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтар.

Оқыту еңбек нарығында сұранысқа ие 36 мамандықта жүргізіледі:

— Жалпы медицина;

— Фармация;

— Әлеуметтік жұмыс;

— Сәулет (BIM менеджері дизайнер);

— Электр энергетикасы;

— Дене шынықтыру және спорт;

— Психология;

— Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (бағдарламашы);

— Дизайн;

— Ақпараттық жүйелер (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқыту құқығы бар компьютерлік жүйелерді әзірлеуші және талдаушы), ақпараттық технологиялар

— Азық-түлік технологиясы;

— Газ жабдықтарына қызмет көрсету инженері;

— Информатика;

— Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (логистика маманы);

— Биотехнология;

— Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;

— Мектепке дейінгі оқыту;

— Педагогикалық (математика мұғалімі);

— Педагогикалық (химия және биология мұғалімі);

— Қазақ тілі мен әдебиеті;

— Геодезия және картография (web-картография);

— КИПиА инженері (бақылау-өлшеу аспаптары және автоматтандыру);

— Электроника инженері;

— Құрылыс;

— Жылу энергетикасы;

— Ақпараттық қауіпсіздік;

— Көгалдандыру;

— Электронды коммерция;

— Экономика және деректер ғылымы саласындағы бизнес-әкімшілендіру;

— Үлкен деректерді талдау;

— Медиатехнологиялар медиа өнері;

— Сандық медиа менеджменті;

 — Жасанды интеллект технологиялары;

— Құрылыстағы цифрлық дизайн;

— Экология және табиғатты пайдалану;

— Гидрология.

Әлеуметтік көмек алу үшін не істеу керек?

Басқармаға мына құжаттарды қоса отырып, өтініш беру қажет:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) жиынтық табысты есептеу қағидасына сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәлімет; 

3) ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін); 

4) көпбалалы отбасының мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі (көпбалалы отбасынан шыққан балалар үшін);

5) туу туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін);

6) Астана қаласының орта мектебін бітіргені туралы аттестат;

7) ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі көрсетілген мемлекеттік сертификат. 

8) Екінші деңгейдегі банктегі не «Қазпошта» акционерлік қоғамындағы банктік шоттың нөмірі туралы мәлімет.

Айта кету керек, жан басына шаққандағы орташа табысы отбасының бір мүшесіне шаққанда 4 күнкөріс деңгейінен аспайтын ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек тағайындалады.

Әлеуметтік көмек алу үшін Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайына жүгіну не құжаттарды веб-портал арқылы электронды түрде өткізу қажет.

Айтпақшы, тестілеу кезінде ең төменгі балды жинамаған мектеп түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындалмайды.

Аудан тұрғындары үшін анықтама телефондары:

Алматы: 55-01-74, 8 702 837 50 05;

Байқоңыр: 55-72-32, 8 771 830 32 78;

Есіл: 55-74-50, 8 705 427 92 40;

Нұра: 55-68-40, 8702-149-02-55;

Сарыарқа: 55-14-87, 8701 621 62 99, 8702-546-86-95.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген