Сахнаға шегіп шығатын «шегірткелер» шектен шықты - Ахметбек Нұрсила

Аиса Махамбет Редактор
10.07.2024, 17:33
7104
Сахнаға шегіп шығатын «шегірткелер» шектен шықты - Ахметбек Нұрсила ашық дереккөзден

Еркелігін қара халыққа емес, әке-шешесіне көрсетсін дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі кәсіпкер, психолог Ахметбек Нұрсила соңғы жағдайларға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Kazinform жазды.

Ол Қайрат Нұртас пен Тұрсынбек Қабатовтың ұсталуына қатысты ауыр сын айтты.

«Әсет Найманбайұлы айтқандай:

Асуға ат шықпайтын арба шықты, 
Қанды балақ қыранды қарға жықты,
Қопада өгіз соққан жолбарыстар,
Қояннан қорыққанынан жарға бұқты.

Яғни, қоғам дағдарып тұрған кезеңде қоғамның қадірлісі болып, жұлдыздар болып «шегірткелер» шықты. Баяғыда Балуан Шолақ, Ақан сері, Біржан сал сияқты тұлғаларды адамдар төбесіне көтерген. Олардың мәдениеті, кісілігі, адамгершілігі өте жоғары болған. Елге сөзі өтіп, қорған болған. Сондықтан халық оларды құрметтеді. Ал қазіргі тоқырау заманында дүниеқоңыз сайқымазақ, білімсіз адамдар төрге шықты. Ең қорқыныштысы, халық солардың сорақы қылықтарын қорғап жатыр.

Мейрамбек Беспаев та «еркелік қой» деп қорғап әлек. Еркелігін әке-шешесіне көрсетсін. Халыққа ондай еркелік жүрмейді. Ішіп алып, қоғамдық жерде ұрыс, төбелес шығарып, сахнаға анаша шегіп шығу деген барып тұрған бассыздық. Бұл қоғамның деңгейін де көрсетеді. Дамыған елдерде пара алған, бірдеңе бүлдірген министрлер бірден жұмыстан кететін еді. Қоғам алдында жүрген адамдар шалыс басса, қарабет болып, елдің алдына шықпаушы еді.

Тұрсынбек Қабатов оспадар қылық жасап алып, саханаға шығып, сонысын дәріптеп күлкіге айналдырып тұр. Оған халық мәз. Бұл — қоғам алдындағы халықтың қасіреті. Есек озып, тұлпарлардың мерейі ақсаған заман болып тұр. Халықтың алдында жүріп осындай оспадар қылық көрсеткендер елге үлгі саналса, қоғам ешқашан түзелмейді», - деді ол. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады