«Жел күшейіп, бұршақ жауады»: Қазгидромет Қазақстан бойынша алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады
Синоптиктер еліміз бойынша 11-13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz жазды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, алдағы үш күнде оңтүстік циклонның әсерінен атмосферадағы синоптикалық жағдай қалыптасады.
Күн райы бұлтты болып, өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, 12-13 шілдеде батыста, 13 шілдеде оңтүстікте, орталықта кей уақыттарда қатты нөсер жаңбыр жаууы ықтимал.
Қазақстан бойынша найзағай соғып, бұршақ жауады, дауыл мен жел күшеюі мүмкін.
Ауа температурасы күндіз еліміздің батысында +25+30°С дейін, солтүстік-батыста +20+30°С дейін төмендеуі ықтимал.
Ал республиканың солтүстігі мен шығысында сынап бағанасы +28+38°С дейін жоғарылайды. Басқа өңірлерде айтарлықтай өзгерістер болмайды.
Материал авторы