«Әйел еркекке енді бағынбайды»: психолог ерлер қауымына өзгеру керегін айтты

Аиса Махамбет Редактор
11.07.2024, 11:57
2384
«Әйел еркекке енді бағынбайды»: психолог ерлер қауымына өзгеру керегін айтты жеке мұрағатынан

Танымал коуч Құралай Ошақбаева бұл жайында әлеуметтік желіде жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі психолог Құралай Ошақбаева ерлерді өзгеруге шақырды. Бұл туралы turkystan.kz жазды.

«Әйел эмансипациясына, оның таңдау еркіндігі бар екеніне, еркектің айтқанымен енді жүрмейтініне үйренісе алмай жүрген ер азаматтар көп. Мен оларды түсінемін. Бұл жаңа реальность, жаңа ережелер және бұл процесс енді тоқтамайды. 

Әйел еркекке енді бағынбайды түсінесіздер ме? Бұл мүмкін емес, өйткені білімді еркін адам өз бостандығын біреудің қолына ұстатпайды. Әйелдің жетістігіне шын қуана алатын, жанашыр дос, мықты қорған, сырлас және мұңдас ер азаматқа ғана әйел өз еркімен мойынсұнады.

Көкірегін қағып, “мен еркекпін” деп, әйелді төмендету арқылы өз “мықтылығын” көрсеткісі келетін еркектерден әйел енді кетуге қорықпайды. Өткенде бір келіншек: “6 баламды алып, абъюзерден кеттім, урааа!” - деп жазып жіберіпті.

Әйел енді өзін қорлаған еркектен кеткенде той жасайды. Сондықтан енді ерлерге өзгеру керек. Әйел қорқып, таяқ жеп өмір сүргісі келмейді, ол енді тек қана өзін сыйлаған және бағалаған ер азаматқа мойынсұнғысы келеді», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)