«Ұлымның аутист екенін оқырманымнан білдім»: Қалаулым қатысушысы баласының сырқаты туралы айтты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
11.07.2024, 16:43
17559
«Ұлымның аутист екенін оқырманымнан білдім»: Қалаулым қатысушысы баласының сырқаты туралы айтты (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

Ұлым теледидарды теріс айналдырып отырып көреді дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Бір болайық" бағдарламасының жүргізушісі Камила Саян алғаш рет баласының диагнозы туралы жан сырын ақтарды. Блогердің тұңғышынан аутизмдік спектр бұзылуы анықталған. 

Атышулы жобаның қатысушысы кейіннен жүргізушісі болған Камила Саян отбасылық өмірі туралы "Мамский әңгіме" подкастында сыр шертті.

Желі жұлдызы ұлының диагнозы туралы оқырмандарынан білгенін жасырмады. Сөзінше, көпшілік оған баласын дәрігерлерге қаратып, тексерту керектігін жазған.

"Тұңғыш баламның ерекше диагнозы бар. Бұрын құпия ұстап, ол туралы айтпауға тырысатын едім. Баламның аутизмдік спектр бұзылуы бар. Екінші баламды босанғанда бірінші баламды ойладым. Көп көңіл бөле алмадым. Қазір көбіне әкесімен жүреді. Балаға ана керек екен. Жасы 4-тен асты, әлі сөйлемейді. Емші мен тәуіпке де апардық. Түрлі массажға да жаздырдым. Бір жарым жасында ерекшелігін байқадық. Бірақ оны өзім сезгем жоқ. Маған оқырмандарым жаза бастады. "Балаңызды тексертіңіз" деп жазды.

Ұлым теледидарды теріс айналдырып отырып көреді. Оны біз күліп, жеке парақшамызға салатын едік. Оған дейін баланы тексерту керек деген хаттарды оқып жүрсем де, мән бермегенмін. Бір оқырманым "балаң аутист" деді. Сол хаттан кейін зерттей бастадым. Интернеттен қарап, оқығанда шошыдым. Мұның ауру емес екенін кейін білдік қой. Бірақ басында қорқынышты болды.

Невропотологқа апарғанда бәрі жақсы, қорқынышты ештеңе жоқ деді. Бірақ сонда да өзім ақпарат іздей бастадым. Жүрегім тыныштық таппады. Үйдегілер сөйлеп кетеді деп күтті. Бірақ мен оған сеніп, бейқам жүргім келмеді. Бұрын ұлымды көп салатын едім. Қазір азайттым, емінен нәтиже көргенде бәрін бастан-аяқ айтып беремін", - деді Камила Саян.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді