Алматыдағы кардиологиялық орталықтың қызметкерлері басшылықтың қысымынан жаппай жұмыстан кетті

11.07.2024, 17:02
1120
Алматыдағы кардиологиялық орталықтың қызметкерлері басшылықтың қысымынан жаппай жұмыстан кетті бейнежазбадан алынған кадр

Алматыдағы кардиологиялық орталықтың дәрігерлері жаңа басшы келгелі айлығы қысқарып, жұмыста мазасы қашқандарын айтады. 30 жылдан астам тәжірибесі бар білікті мамандар жұмыстан кетуге мәжбүр. Бұл туралы 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасы мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, медицина қызметкерлерінен бастап, орталықтың есеп-қисабын жүргізетін есепшілер де басшылықтың қысымы жұмыстан кетуге мәжбүр етті дейді. 

“Ең алғаш бұл кісі келмей тұрғанда отделениеде мен ставка және қосымша жарты ставка алғанбыз. Бұл кісі келгенде жарты ставкалардың бәрін қысқартып тастады. Менікі басында 300-350 болса, кейін мына жерге келгенде 170 мыңға түсті”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Сәуле Ынтымақова.

Одан бөлек, жаңа басшы мекеменің атына дақ түсірмеу үшін ауыр науқастарды қабылдамайтын көрінеді. 

“Олар өздерінің статистикасын құртпас үшін жағдайы ауыр науқастарды қабылдаудан бас тартады. Ал бұрын бізге қаланың барлығы келетін. Бұрын бізде жолға қойылған жұмыс болған. Ұзақ жылдың тәжірибесі бар мамандар болды”, – дейді қала тұрғыны Рая Әмірсейітова. 

Кардиологиялық орталықтың басшысының айтуынша, науқастарға тиімді ем-шара жасау үшін жаңа технологиялар әкелініп, орталықта біраз өзгерістер болған. Жұмыстан өз еркімен кеткен жандардың орнына өзге мамандар келген екен. Орталықтың басшысы зейнет жасына жеткенін алға тартып, қызметіне адал екенін айтады. Сөзіне сенсек, бүгінде орталықтағы өлім жағдайы 200 есеге дейін төмендеген.

“Былтыр қазан, қараша, желтоқсанды алсақ, сол кезден бастап 25—27 шақты адам жұмыстан кетті. Өз еркімен жұмыстан шықты, оларды ешкім қуған жоқ. Біз орталыққа өзгерістер енгіздік. Бірақ ұжымдағылар ол өзгерістеріді түсінбеді, қабылдай алмады. Бір жыл ішінде орталықтағы өлім көрсеткіші 200 есеге төмендеді”, – дейді орталық басшысы Роза Қуанышбекова.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды