SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, оқиға 6 шілде күні болған. Сот шешімімен KIA Carnival көлігінің жолаушысы, әнші Әбдіжаппар Әлқожа тәртіп сақшысының заңды талаптарына бағынбағаны үшін 10 тәулікке қамалған еді.
"Біреудің тағына талассаң да, бағына таласа алмайсың! Бағын Алла бұйыртқан, халқы қолдаған бабындағы бала! Әбдіжаппар Әлқожа жүрек-дос сенсіз қиын бізге. Әбдіжаппар елдің ақшасын жеген жоқ, қазақтың жерін сатқан жоқ. Ешкімнің нанын тартып, несібесін ортайтқан жоқ. Өз несібесін көптің қуанышында адалынан теріп жүрген азамат!", – деп жазды блогер әлеуметтік желідегі парақшасында.