Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы құны 800 мың теңге тұратын былғары плащқа тапсырыс берген

11.07.2024, 17:52
936
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы құны 800 мың теңге тұратын былғары плащқа тапсырыс берген ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы 800 мың теңге тұратын былғары пальто тігуге тапсырыс берген. Байқау мемлекеттік сатып алулар сайтында жарияланды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қосымша сипаттамада былғары пальто мемлекеттік әділет кеңесшісіне арнап тігілетіні көрсетілген.

Сырт киім қара түсті, түкті астары бар, таза былғарыдан жасалуы тиіс. Жағасы нағыз қаракөл жүнінен жасалуы керек. Сондай-ақ плащтың жылытқышы, погоны, түймелері мен шевроны болуы шарт. 

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі 6 маусымда баға ұсыныстарын сұрау арқылы расымен осындай байқау жарияланғанын мәлімдеді. Баспасөз қызметінің мәліметінше, қызметтік қажеттіліктерге байланысты плащқа тапсырыс берілген.

“2024 жылғы 13 маусымда "Камода" ЖШС-нің бір баға ұсынысын ұсынуына байланысты мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылды. Сол күні мемлекеттік сатып алу порталы автоматты түрде "Камода" ЖШС жеткізушісіне электрондық шақыру жасады. 2024 жылғы 18 маусымдағы мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша, "Камода" ЖШС шақырылған жеткізушімен "Электрондық сатып алу арқылы бір көзден алу" тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу туралы шешім қабылданды”, – деп жауап берді облыстық прокуратура.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды