18 рет пышақ салған: Заңгер Айман Асанованың ағасы оның бұрынғы күйеуінен 50 млн теңге талап етті

Аиса Махамбет Редактор
11.07.2024, 18:38
1040
18 рет пышақ салған: Заңгер Айман Асанованың ағасы оның бұрынғы күйеуінен 50 млн теңге талап етті

Оның әжесі мен әкесі уайым-қайғының салдарынан қайтыс болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда марқұм заңгер Айман Асанованың ағасы оның өліміне кінәлі деп танылған бұрынғы күйеуінен 50 млн теңге моральдық зиян өтемақысын өндіру үшін сотқа жүгінген.

"Қайтыс болған әйелдің ағасы қойған талабында әпкесінің өлімі оған және барлық жақындарына ауыр қайғы-қасірет әкелгенін атап көрсетті. Оның әжесі мен әкесі уайым-қайғының салдарынан қайтыс болды. Ол отбасына келтірілген моральдық зиянды 50 млн. теңгеге бағалады.

Жауапкердің өкілі қойылған талапты мойындамай, әйелдің өліміне кінәлі адамға қылмысы үшін жаза қолданылғанын – оның 11 жылға бас бостандығынан айырылғанын және қойылған талапта көрсетілген соманың қолында жоқ екенін атап көрсетті.

Сот қойылған талапты ішінара қанағаттандырды. 

Парасаттылық пен әділдік талаптарын басшылыққа ала отырып, талап қоюшының пайдасына моральдық зиянды өтеу ретінде 10 млн. теңге өндірілді", – делінген жазбада.

Еске сала кетейік, белгілі заңгер Айман Асанова 2022 жылдың 12 қазанында көптеген пышақ жарақатынан медициналық мекемеде қайтыс болды. Ал кейін адвокат әйелді өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады