«Жігітімнің орнына інісі келді»: Жеңіс Ысқақова жолдасымен қалай танысқанын айтып берді

Аиса Махамбет Редактор
11.07.2024, 18:59
3548
«Жігітімнің орнына інісі келді»: Жеңіс Ысқақова жолдасымен қалай танысқанын айтып берді ашық дереккөзден

Болашақ қайныммен театрға бардым дейді әнші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жеңіс Ысқақова жастық шағын есіне алып, жігітімен кездесуге шыққан сәтіндегі қызық оқиғасын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Өнер иесі кездесуге жігітінің орнына інісі келгенін айтып, елді күлдірді. 

“Зымырап жатқан уақыт-ай. Сонау тоқсаныншы жылдардың басында жолдасыммен енді кездесіп жүрген кез. Бір күні жігітім мені театрға шақырды, кездесу Мұхтар Әуезовтың ескерткішінің алдында. Кешкі сағат18:00-де болу керек. Мен келіскен уақытқа келдім, жігіт жоқ. 10-15 минуттай тұрдым. Ол кезде ұялы телефон деген жоқ. Содан бір мезгілде қасыма десант киіммен әскерден жақында келген бір ұзын жігіт келіп: “Мен Тоханың інісі Рахат боламын, ағамның бір шаруалары болып қалды. Театрға сізді мен апарамын” деді. Кездесуге жігітіме шығып, інісімен қыдырып кеткенмін. Болашақ қайныммен осылай танысқанмын. Кейін тұрмыс құрғаннан кейін Рахат біздің балапандарымызды бағып, жаялықтарын жуған кездері де болған. Сөйтіп бірге есейдік. Кейін келіншегі Салтанатты біздің үйге түсірді. Өзім орамалын тағып, қарсы алған болатынмын”, – деп жазды әнші. 

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды