«Joqtau» фильмі әлемдегі беделді Locarno Film Festival кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына енді

11.07.2024, 19:20
965
«Joqtau» фильмі әлемдегі беделді Locarno Film Festival кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына енді бейнежазбадан алынған кадр

Отандық фильм Швейцария кинофестиваліне қатысып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Joqtau фильмі әлемдегі беделді кинофестивальдердің бірі Locarno Film Festival байқау бағдарламасына енді.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық режиссер Аруан Анартайдың «Joqtau» дебюттік фильмі Locarno Film Festival Халықаралық кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына еніп отыр. 

фильм
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Швейцария кинофестивалі – ең беделді фестивальдердің бірі және әлемдік киноиндустриядағы ықпалы зор бестіктің қатарында. Локарнодағы 77-ші кинофестиваль 2024 жылдың 7-17 тамызы аралығында өтеді. Байқауға түскен әр фильм бес ретке дейін фестивальдің 10 алаңында көрсетіледі. Роуд-муви жанрындағы фильмде қазақ даласы мен оның түкпіріне сапарға шыққандар туралы баяндалады. Кейіпкерлер түрлі оқиғаларды бастан кешіріп, олардың ұстанымдары мен сенімі сыналады. 

фильм
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Фильмдегі басты рөлдерді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Исбек Әбілмәжінов, көрерменге «Қаш», «Патриоттар уақыты», «Сақтаушы» картиналары арқылы танылған, атышулы «Дәстүр» фильмінде ойнаған Ермек Шынболатов. Сондай-ақ «Joqtau» фильмі мансабындағы алғашқы жоба болған актриса Ирина Балкова сомдайды. .

«Joqtau» фильмі үшін композитор Санжар Бәйтереков қазақтың ұлттық аспабы қобызбен инструменталды музыка жазды. Фильм Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсірілген.  

фильм
Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады